Ертіс ауданында 68 жастағы қария ысты газдан уланып, қайтыс болды
Zakon.kz
Қою түтін салдарынан 1949 және 1996 жылғы екі адам уланып қалып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Павлодар облысына қарасты Ертіс ауданы орталығындағы үйлердің бірінде пеш қатты түтіндеп, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, оқыс жағдай кеше сағат 9 сағат 35 минутта орын алған.
- Мүткенов көшесіндегі үйлердің бірінде үй иелері пеш жаққан, - дейді мамандар.
- Алайда қою түтін салдарынан 1949 және 1996 жылғы екі адам уланып қалып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі қазіргі таңда ем қабылдап жатыр. Ал, 68 жастағы қарт ана өкінкшке орай көз жұмды. Үйдің өртену оқиғасы орын алған жоқ.
Абзал Қабдраш
Фото: pavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript