Лента новостей
0

Атырауда кондукторлар мектеп оқушыларын автобустардан түсіріп кетіп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2017 12:45 Zakon.kz
Оқушылар балаларды мінгізуден бас тартқан автобус нөмірін суретке түсіріп алыпты.
Атырауда соңғы бір аптаның ішінде оқушыларды жаппай автобустан түсіріп тастаған екі жағдай тіркелді. Бұл туралы Stan.kz, “Мой Город” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен 7-сыныпта оқимын. Аялдамадағы барлық адамдар міне бастады, кезек бізге жеткенде кондуктор “Болды, сендерге орын жоқ” деп айтты. Негізінде біз сыйып кетер едік. Ол солай айтты да, есікті жауып алды”, – дейді қыз бала.

Ал оқушыларды жаппай автобустан түсіріп тастаған екінші оқиға №2 автобуста тіркелген. Куәгерлердің айтуынша кондуктор тиісті аялдамаға дейін жеткізбей оқушыларды күштеп түсіріп кетіпті.

“Кондуктор оқушыларға Шалқыма деген аялдамадан түсіп қалыңдар деді. Сосын өзі күштеп түсіріп тастады. Біз наразылық танытып, оқушыларға күш көрсетуге қандай құқығың бар деп едік, “бір автобуста 5 оқушыдан аспауы керек” дейді. Оның мұндай ережені қайдан тауып алғанын білмеймін”, – дейді тұрғын.

Оқушылар балаларды мінгізуден бас тартқан автобус нөмірін суретке түсіріп алыпты. Енді кондуктордың әрекетіне қатысты шара қолданылуы мүмкін.

Фото: static.irk.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: