Лента новостей
0

Теміртауда бетперде киіп, дүкен тонаған қарақшылар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.09.2017 15:07 Zakon.kz
Ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындады
Теміртауда полицейлер дүкенді қарақшылықпен тонау әрекетіне қатысы бар деген күдікті төрт адамды ұстады, деп хабарлайды sputniknews.kz, Қарағанды облысы ІІД берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Осы аптада бейнебақылау камерасы Гай Фокстың бетпердесін киген, қарулы адамдардың түнде ғимаратқа басып кіріп, кассадан ақша алып кеткен.

Теміртауда Анонимус бетпердесін киген белгісіз біреулер дүкен тонады

"Ұсталғандар жасаған қылмысты мойындады. Ұрланған ақшалар мен қылмыс құралдары тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ІІД.

Дүкенді тонау әрекетіне қатысты күдіктілердің екеуі 19 жаста, екеуі 21 жастағы қала тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта полиция олардың осы секілді қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: