Лента новостей
0

Жоламан ауылының жұрты жолсыз қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.09.2017 10:54 Zakon.kz
Жүргізушілердің дөңгелегін жамауы мен Жоламанға көрші ауылдардан қатынап оқитын оқушылардың сабаққа кешігіп келуі қалыпты жағдайға айналған.
Жоламанның жұрты жолсыз қалды. Алматы облысынның Кербұлақ ауданына қарайтын ауыл халықаралық автожолдан небәрі 12 шақырым ғана болса да, халықтың қоғаммен қатынасы қиындап кеткен. Шыдамы таусылған елдің айтуынша, кеңес кезінен қараусыз қалған қара жолды соңғы екі жылда шиыршық тас тасыған камаздар тас талқанын шығарған, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұрынан берекесі қашқан ауылдың соңғы 7 жылда жолы мүлдем жасалмай, жұрт жыларманға жеткен. Аудан орталығы Сарыөзектен Жоламанға бұрылатын жер 40 шақырымдай. Осы екі ортаға 20 минутта жеткенмен, ауылға дейінгі он шақырымнан астам жол жүйкені жеп жібереді. Жалпы Кербұлақ ауылында 64 елді-мекен болса, олардың көбінде осы жол мен су жөнді шешілмеген. Тек биыл облыстан суға 500 миллион, жолға жарты миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Бірақ бұл бөктердегі бұқараның бар мәселесін шеуше аздық етеді. Ал Жоламан ауылы жету оңай емес, жолда жүргізушіміз екі рет дөңгелегін ауыстырды. Жол азабын жүрген біледі, демекші елдің халін сюжеттен көрейік.

12-13 шақырымдай ғана Алматы-Өскемен автожолына жету үшін ел көлікпен кемінде 40 минуттай жүруге мәжбүр. Қазылған қара жолдан жүруден қажыған халық бұл аумаққа соңғы рет қашан жөндеу жұмыстарының жүргізілгенінде ұмытқан. Ат шаптырымдай ғана аумақтың азабын әбден тартқан ел енді ойылған жолды қойып, сай-сайды қуалап, ақ шаңмен жүруге мәжбүр.

Жоламан ауылында екі мыңға жуық халық тұрады. Жұрттың көбі жұмыссыз. Әйелдер Арқарлы асуында құрт-көже сатып күн көрсе, жастары қалаға қотарыла қашқан. Мал басын көбейту, егіс алқабын кеңейту сынды мелекеттен қолға алынып жатқан көптеген бағдарламалардың біріде бұл ауылға жетпеген. Кезінде дүркіреп тұрған элеватор, мал фермасы сынды орындар қаңтарылып қалғандықтан жұмыссыз еркектердің көбі бөтелкемен жолдас болып кеткен, дейді.

Қалтарыстағы халықтың қатынас жолы соңғы үш жылда мүлдем жырымдалып, жоғалып кеткен. Алматы-Өскемен бағытында күрежол салған фирмалар осы жол арқылы шиыршық құм тасыған. Ауыр жүк көліктерінің жүргенін көтере алмай, бүлінген жолды компанияның басшылары құрылыс аяқталған соң жөндеп береміз деп сендіргенмен, соңында сөздерінде тұрмаған. Ал ауылдың проблемасын көтерген халыққа ренжіген әкімнің сөзінше, жолға үш ай сайын жөндеу жүргізіліп тұрған.

Бірді айтып, бірге кеткен ауыл әкімінен жөнді мағлұмат ала алмаған соң ауданға келдік. Ал Кербұлақ ауданының әкімі биыл Жоламандықтар қанша жерден шуласада жол жасалмайды, дейді. Айтуынша, ауданға бөлінген жарты миллиардқа жуық теңгеге Сарыөзек кентінің ішкі жолдары түгелдей жаңартылып, 27 мыңдай халқы бар Қоғалы округіне баратын 15 шақырым жол жасалған.

«Мен ішкі жолдардан Сарбұлақтың, Жоламанның жолына облыстық жол басқармасына хат жазамын. Өтініш беріп, барып алатын ақша. Биыл ешқандай жол жоқ. Болды. Жылдың аяғы болды. Енді ақшаны алып, тендр өткізіп, жол жасау деген болмайтын нәрсе», - деді Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиев.

Жиі көлігі сынып, жүргізушілердің дөңгелегін жамауы мен Жоламанға көрші ауылдардан қатынап оқитын оқушылардың сабаққа кешігіп келуі қалыпты жағдайға айналған. Келбеті кеткен Кербұлақ ауданының адамдары ауыз суға да жарымай отырмыз, дейді. Күніне 3-5 сағат қана су беріледі. Жағдайы кеткен жұрттың жайылымы да тарылып, ауылдың төбесіндегі сасық көл тасуға таяу қалған.

Фото: almaty.tv
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: