Лента новостей
0

Мәссаған біз алдандық.. Алматыда құрылыс компаниясы өзінің 2000-ші клиентін қалай алдады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.09.2017 17:39 Zakon.kz
2017 жылы сату көлемі бойынша BI Group Алматыда бірінші орынға тұрақтады.
BI Group компаниясы Алматыдағы өзінің «екі мыңыншы» клиентін құттықтады. Бұл қалыптасқан дәстүр еліміздің бас қаласы Астанадан басталған еді, осыдан бірер бұрын компания елордада өзінің екі емес, 30-мыңыншы клиентін құттықтады, міне бұл игі дәстүр оңтүстік астамамызға да келіп жетті. Бұл жолы компанияның «екі мыңыншы» клиенті болу құрметі алматылық Әлімбек пен Гүлбану Әлжановтарға бұйырды.


Менеджер Бақдаулет бізді объектіні қарап шығуға шақырған болатын және бұл біздің болашақ үйімізді көруге жалғыз мүмкіндік екенін ескертті, ал біз бірден келістік», - дейді Әлімбек пен Гүлбану.

«Аманат» тұрғын үй кешенінің болашақ пәтер иелерін Артем Саркисян есімді бақыт менеджері қарсы алды. Қонақтар еш күдіксіз тұрғын үй кешеннің артықшылықтары туралы ақпарат алып жатты, кенеттен "Everybody dance now" әнінің ырғақты әуені ойнай кетті, алаңға жүгіріп шыққан құрылысшылар билей бастады!



«Біз бір нәрсе ұтып аламыз» деген бізде еш ой болған жоқ, мен қарапайым адаммын, өмірімде ешқашан мұндай жүлдеге ие болып көрмегенмін. Отбасымыздан тек жұбайым ғана бірдеңені сезгендей болды. Ол компанияның өз клиенттерін құттықтап тұратынын білгендіктен, іштей сыйлық туралы армандап тұрды», - дейді Гүлбану.

«Құрылысшылардың флешмобын көргенде, біз компания әрбір клиентін осылай қарсы алады деп ойладық, бірақ қолына сертификат ұстаған бас директорды көргенімізде, бұл бізге арнайы ұйымдастырылған ұтыс екенін білдік», - дейді Әлімбек.



«Болашақ пәтерімізді Gagarin Park тұрғын үй кешенінен де қарадық, бірақ таңдауымыз «Аманатқа» түсті. Жаңа пәтерде ата-анамызбен бірге тұратын боламыз. Үйдің тыныш әрі жайлы жерде орналасқаны олар үшін маңызды, өйткені әке-шешеміз жағалау бойымен ағаштардың арасында серуендегенді ұнатады».



Флешмоб пен күтпеген ұтыс клиенттердің ғана емес, ұйымдастырушылардың да көңілінен шықты. Ең бастысы, сыйлыққа паркинг алған Әлімбек мен Гүлбанудың қуаныштарында шек жоқ.

«Мен өзім әуесқой автомобильшімін, әрине өзімнің темір тұлпарым үшін паркинг орнын алуды бұрыннан ойлап жүр едім. Міне, BI Group-тың арқасында оған қол жеткіздім. Сіздерге үлкен рахмет!», - дейді өз қуанышымен бөліскен отағасы.

Айта кетейік, 2017 жылы сату көлемі бойынша BI Group Алматыда бірінші орынға тұрақтады. Компания оңтүстік астамызда "Art Residence", "Аманат", "Асыл Тау", "Gagarin Park" және "Жаңа Жетісу» тұрғын үй кешендерін тұрғызуда.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: