Лента новостей
0

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.09.2017 10:47 Zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында есірткі сақтау және сатумен айналысқан 4 адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады. Олар Шымкент қаласының 1964, 1966, 1977 және 1984 жылы туған тұрғындары және күдіктілердің ешбірі еш жерде жұмыс істемеген. Бұл туралы ҚазАқпарат, аталған ведомствоның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер күдікті азаматтардың үйін тінту барысында бірнеше орама марихуана мен көкнәр сабынын тәркіледі. Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 гр. шамасында болып отыр.

Тергеу барысында анықталғандай, топты 51 жастағы ер азамат басқарып отырған, ол телефон арқылы есірткі заттарын өткізу туралы бұйрықтар беріп, сатудың жаңа арналарын іздеп отырған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 262 «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 297 «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер қылмыстық істі сотқа жолдау үшін барлық жедел-іздестіру іс-шараларын қарастыруда.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: