Биыл Қазақстанда тұмауға қарсы ресейлік вакцина егіледі
Zakon.kz
Мемлекеттік бюджет есебінен вакциналаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры дертімен ауыратындар өтеді.
Алдағы дүйсенбіден Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцина егу шаралары басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, биыл негізінен вирустың үш штаммы таралмақ, яғни A (H1N1) - Мичиган, A (H3N2) - Гонконг, В - Брисбен өзекті болады. Осы орайда барлық штаммдар ДДСҰ сертификаттаған вакцияналарда қамтылған. Биыл елімізде Ресейде өндірілген «Гриппол» екпесі пайдаланылады, бұл вакцина ДДСҰ тарапынан сертификатталған және оның сапасы ұлттық деңгейде де расталды», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстанға аталған вакцинаның 2 миллион дозасы жеткізілді, соның 1,5 миллионы 1 миллиард 200 миллион теңге сомасында республикалық бюджет қаржысына сатып алынды. Тағы да 500 мың доза жұмыс берушілер мен тұрғындар тарапынан жасалған өтінім бойынша тапсырылды.
Белгілі болғандай, мемлекеттік бюджет есебінен вакциналаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры дертімен ауыратындар, ауруға жиі шалдығатын балалар, медицина қызметкерлері, екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер өтеді.
«Жақында біздің халықтың иммуналогиялық мәртебесіне зерттеу жүргіздік. Бұл тұрғыда Қазақстан халқының 20 пайызында тұмаудың аталған штаммдарына иммунитетінің жоқтығы анықталды. Сондықтан вакциналау маңыздылығы байқалып отыр», - деді комитет басшысы.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript