Лента новостей
0

Шымкентте бауырсақ пісіруден абсолютті рекорд орнатылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.10.2017 10:00 Zakon.kz
Рекорд жасау үшін 750 келі ұн, 400 литр май, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалды.
Шымкентте Қала күнін атап өту барысында Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының (Гиннестің рекордттар кітабының қазақстандық нұсқасы) жаңа рекорды тіркелді. Наурыз алаңында «Алтын дән» компаниясы Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен 1136 келі бауырсақ пісірді, деп жазады otyrar.kz.

Жаңа рекорд орнатылып, арнайы комиссияда тіркелгені жайлы сертификатты рекорд орнатушыларға ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тапсырды. Еске салайық, бұған дейінгі рекорд Алматыда тіркелген болатын. Онда 856 келі бауырсақ пісірілген еді.

Бауырсақты қаладағы үздік 20 аспаб әзірледі. Рекорд жасау үшін 750 келі ұн, 400 литр май, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалды. Бір тоннадан астам бауырсақ 10 қазанда пісірілді. Ал салмағы арнайы қазанда өлшенді.

Ал рекорд тіркелген соң бауырсақ Шымкент қаласының логотипі бар қағаз қалталарға салынып, қонақтарға таратылды. Айта кетейік, қала күні мерекесіне 30 мыңнан астам адам қатысты.

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: