Лента новостей
0

Сайрамдағы көпір құлағалы тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.10.2017 14:49 Zakon.kz
Сала мамандарының айтуынша бұл өткелді жөндеу үшін 200 млн. тенге қаражат қажет.
Шымкенттегі Сайрам су өзеніндегі көпір құлауға шақ тұр. Көктемде тіректерін су шайған көпір әлі күнге дейін жөнделмепті. Шенеуніктер бюджеттен бөлінетін қаражатты күтіп отырған көрінеді. Есесіне, қарапайым халық қатынассыз қалуы мүмкін, деп жазады OTYRAR.KZ.

Облыстық маңызы бар бұл өткел көктем айындағы жауын шашынға шыдас бермей апатты деп танылған еді. Ауа райының қолайлы сәтін күткен жауаптылар мұнда жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойып, жол белгісін іліп қойды. Бірақ оған мән берген жүргізушіні де, заң бұзғандарды жазалайтын жол полицейлерін де көрмейсіз. Арлы берлі ағылған халықтың айтуынша көпірдің жағдайы бұрынғыдан да нашарлаған.

Сала мамандарының айтуынша бұл өткелді жөндеу үшін 200 млн. тенге қаражат қажет. Құжаттарын рәсімдеп теңгенің бөлінуін күтіп отырмыз дейді. 2018 жылдың бюджетіне енгізбек жоспарлары бар. Әзірге «Оңтүстік жолдары» МКК өз күшімен өткелдің одан әрі қирауына жол бермеуге әрекеттеніп жатыр екен.

Көктемгі жауын шашында тіректерін су шайған өткел алдағы жауын шашынға шыдас беруі екіталай. Ал бұл көпірдің тек сайрамдықтар үшін ғана емес облыстық маңыздылығын ескерсек шенеуніктер тірліктерін ширатуына тура келеді.

Нұрлан Күдерұлы

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: