Лента новостей
0

Павлодарлық дәмханаға келушілерді соққыға жыққан полицей 10 жылға сотталуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.10.2017 09:55 Zakon.kz
Сол жерде болған басқа полиция қызметкерлері жағымсыз себептер бойынша қызметтен босатылған.
Павлодар қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ретте әлеуметтік желіде таралған бейнероликтің қаһармандары туралы сөз қозғалуда.

Еске сала кетейік, 2017 жылы 3-тамыз күні сағат шамамен 05.00-де Павлодар ЖППБ-нің қызметкері «102» қызметінің шақыртуымен төрт ер адамның төбелесу фактісі бойынша Исиналиев көшесінде орналасқан «Арай» СҮ-не келген.

Алайда ол сол мекеменің келушілдері қарсылық танытып, полицейлердің біреуі күш қолданған. Роликтен тәртіп сақшылары қарсыластарының басынан аяқпен теуіп жатқаны көрінеді.

- Күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 1, 2-тармақшаларымен (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) сараланып, іс бойынша процессуалдық прокурор анықталған. Осы бап бойынша ЖППБ-нің қызметкерін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі таңда тәртіп сақшысы кепілдік арқылы босталыған, - деді баспасөз хатшысы Аида Сыздықова.

Айта кетерлігі, сол жерде болған басқа полиция қызметкерлері жағымсыз себептер бойынша қызметтен босатылған. ІІД сауда үйінің жанындағы дәмхананы түнгі уақытта спирттік ішімдіктер сатуға лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жасаған. Томирис Бекжан

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: