Алматы облысында мас әйел полицейлердің бетін тырнап, погонын жұлып тастады
Zakon.kz
Тәртіп сақшылары мас күйдегі ер және әйел адамды ұстайды.
Алматы облысында ішімдікке мас болған әйел адам мен тәртіп сақшылары арасында жанжал болды. Бұл туралы stan.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Араққа әбден мас болған әйел Үштөбе қаласындағы қонақүйлердің бірінде полицейлермен төбелескен. Енді оның үстінен “билік өкіліне күш қолданғаны” үшін қылмыстық іс қозғалмақ.
Қонақүйлердің бірінде жанжал шықты деген полиция дереу оқиға орынына келген. Ол жерде тәртіп сақшылары мас күйдегі ер және әйел адамды ұстайды.
Ашулы 26 жастағы әйел тәртіп сақшыларына ұмтылып, оның пагонын жұлып, бетін тырнап алған. Қазір жанжал шығарушылар Қаратал аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуде отыр.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript