Ақмола облысында Жабай өзені тазартылып жатыр
Zakon.kz
Өзен деңгейін байқап отыру үшін көпірге бейнебақылау камерасы орнатылмақ.
Атбасарда Жабай өзенінің арнасы тазартыла бастады. Бұл жұмысты әзірге жекеменшік кәсіпорындар мен жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі мемлекеттік мекемелер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Хабар арнасы.
Себебі оған бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Дегенмен, шамасы келетіндер аянып қалып жатқан жоқ. Біреуі техника бөлсе, енді бірі қол күшімен көмектесіп жатыр. Мәселен, теміржолшылар теміржол көпірінің маңайын ағаштар мен түрлі қоқыстардан тазартуда.
Сосын өзеннің деңгейін байқап отыру үшін көпірге бейнебақылау камерасын орнатпақ. Айта кетейік, осы Жабай өзені соңғы жылдары көктемде қайта-қайта арнасынан асып, халықты әбігерге салып келеді. Биылғы табиғат апатынан 1 мыңнан астам тұрғын зардап шекті.
-Алдағы уақытта тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен облыстық жол құрылымдары бірігіп, осындай тазарту жұмыстарын автокөлік жолындағы көпірдің маңында да жүргізеді. Сондай-ақ сол маңайдан су өткізу құбырларын да орнату жоспарланып отыр, дейді Атбасар қаласы әкімінің орынбасары Людмила Марунич.
Фото: cdn5.img.ria.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript