Ақтөбелік қалталылар үйлерін сәндеу үшін дизайнерлерге жарты миллион беруге дайын
Zakon.kz
Қазір қарапайым тұрғындар да үйдің дизайнына көп көңіл бөліп жүр.
Ақтөбелік дизайнер Әсия Құрманбаева үйдің интерьерімен жұмыс жасап жүрген маман. Қарапайым шағын үйді сәндеуге 500 мың теңге сұрайды. Дизайнер қазіргі уақытта баспанасын жаңа үлгіде жасауға құмар тұрғындардың көбейгенін айтады, деп жазады Aktobenews.kz.
«Бұрын үйді сәндеуге, жаңа дизайнмен интерьер жасауға сұраныс болмайтын. Қазір сұраныс бар. Нақты баға жоқ, әр үймен жеке жұмыс жасаймыз. Классикаға сұраныс жоғары. Сонымен қатар, қазір безендірудің ұлттық нақышта болуын қалайтындар көп. Бұрын үлкен коттедждерде ғана қазақша оюларды салатын. Қазір кішкентай бөлменің өзіне ұлттық нақыштағы дизайн енгізгенімізді қалайды», — дейді дизайнер Әсия Құрманбаева.
Дизайнердің айтуынша, қазіргі уақытта қазақтың ұлттық оюына қызығатындардың қатарында өзге үлт өкілдері көп.
«Қазір қарапайым тұрғындар да үйдің дизайнына көп көңіл бөліп жүр. Бізде тұратын өзге ұлт өкілдері де ұлттық оюымызды пайдаланғылары келеді. Әсіресе, орыс халқы қазақша оюлармен безендірілген көрпелерге қызығады. Үйдегі заттарға қазақтың ұлттық оюдан элементтер енгізгенімізді сұрайды», — дейді дизайнер.
«Сұраныс көбіне қалталы адамдардан түседі. Танымал адамдармен жұмыс жасаймыз. Бірақ, біз өзіміздің тұтынушыларымыз туралы ақпарат бермейміз. Адамдарды бай не басқа деп бөлмейміз. Көмегімізге жүгінген адамдардың барлығы бірдей. Қарапайым үйді сәндеу — 500 мың теңге. Оған тек дизайн кіреді. Пайдаланатын материалдар мен жұмысшылар бөлек», — дейді Әсия Құрманбаева.
Ардан Сердалы
Фото: www.teleshko.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript