Лента новостей
0

ШҚО-ның 5 мектебінде жұқпалы сары ауру немесе гепатиттің «А» түрі анықталып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.10.2017 10:19 Zakon.kz
Жалпы, қыркүйек айында вирусты гепатитті барлығы 11 адам жұқтырса, оның көбі мектеп оқушылары екен.
Облыстың 5 мектебінде жұқпалы сары ауру немесе гепатиттің «А» түрі анықталып отыр. Қазіргі таңда мамандар аурудың таралу ошағын анықтауда, деп жазады altaynews.kz.

Ең алғашқы дабыл Зырян ауданында қағылған. Аудан орталығындағы екі мектепте үшінші сыпып оқушылары гепатиттің «А» түрін жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Октябрь кентінде сегізінші сынып оқушысынан да ауру белгілері анықталған.

Сондай-ақ осы кенттегі мектептің 10-сынып оқушысы, сонымен қатар Жаңа Бұқтырма кентіндегі тағы бір бала да ауру жұқтырды деген күдік бар. Десе де олардың дертті жұқтырғаны туралы дерек әлі нақтыланбаған.

Вирусты гепатитті жұқтырғандардың саны Семейде төртеу болса, Үржар ауданында екеу. Ал Аягөз ауданында дертті жұқтырған үш адам анықталған. Дәрігер мамандар ауруды өзге аймақтан немесе өзге мемлекеттен келген адамдар таратты деген пікірді ұстанып отырған көрінеді.

Жалпы, қыркүйек айында вирусты гепатитті барлығы 11 адам жұқтырса, оның көбі мектеп оқушылары екен.

Фото: tutknow.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: