Лента новостей
0

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.10.2017 11:07 Zakon.kz
Қазіргі таңда 105 әлеуметтік нысан мен 720 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған.
Тараз қаласында жылытуды айрықша қажет ететін әлеуметтік нысандарға 7 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.Ахаев баяндады, деп хабарлады Жамбыл облысының баспасөз қызметі.

– Қаланы жылу жүйелеріне қосу жұмыстары басталды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер-1202, денсаулық сақтау нысандары-32, білім беру нысандары 126, әлеуметтік нысандар-16. Жалпы, қаладағы жылу жүйесінің ұзындығы 247 473 километрді құрайды. Осы орталықтандырылған жүйеге барлығы 1202 көп пәтерлі тұрғын үй қосылған. Оның 876-сы «Таразэнергоорталық», 55-«ЖГРЭС» АҚ-ларына, 163-і «Жамбыл Жылу», 98-і «Теміржол Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесіне, 10-ы «София» ЖШС-на қарайды. Бүгінгі таңда қаладағы тұрғын үйлер жылыту маусымына түгел дайын әрі паспорттары да әзірленген, – деді қала әкімінің орынбасары.



Оның айтуынша, қазіргі таңда 105 әлеуметтік нысан мен 720 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған. Яғни көрсеткіш 65 пайызға орындалып отыр. Қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар 15 қазанға дейін жылуға қосылатын болады.

Осы тұрғыда Мақсат Кеңесханұлы жылу өндіруші және жеткізуші мекемелер жылуды үй нысандарының элеваторына дейін ғана жеткізіп бере алатынын, ал одан әргі үйішілік желінің өткізгіштігі мен ақаусыздығын пәтер иелерінің өздері жүзеге асыруы тиістігін еске сала келе, «Бүгінде көптеген пәтерлердегі тік құбырлар мен шойын батареялар ауыстыруды қажет етеді. Құбыр желілерінің ескіріп тозуы, бітелуі жылудың бір пәтерден екіншісіне кедергісіз жетуін де қиындатады. Осымен байланысты туындайтын қиындықтар үй ағаларының тұрақты назарында болуға тиіс.
Жалпы, қалада үйлерді жылуға қосу белгіленген кестеге сай жүргізілуде», – деді.

Ол жеке тұрғын үй секторында газ бен қатты отын жағу кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы қажеттігіне де тоқталып, журналистер тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: