Латын әліпбиінде «X» та қолданылмай қалды - профессор Жақыпов
Zakon.kz
Ғалымның айтуынша, диграфтарды енгізудің қажеті жоқ.
Латын әліпбиінің соңғы нұсқасында «X» әрпі қолданылмай қалды. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыповтың айтуынша, аталған әріптің де латын графикасында өзіндік орны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеше Президентке таныстырылған нұсқада «Ж»-ны «J, j» деп беріпті. Негізі, «J», көбінесе, «Й» әрпіне келеді. Мысалы, менің атым «Жантас», соңыра мені «Йантас» деп айта беруі әбден мүмкін. Негізі, соңғы нұсқада «X» әрпі қалып қойып тұр. Оны да пайдалану керек еді деп ойлаймын. «X»-ті «Ж»-ға беріп, «J, j»-ны «Й»-ге беруге болады. Сонда біраз реттеліп қалатын еді», - деді профессор Жантасов.
Ғалымның айтуынша, диграфтарды енгізудің қажеті жоқ. Себебі қай елде болсын, жетілген әліпби диграфсыз келеді.
«Мен өзім неміс тілін білемін. Сонда немістердің өздері біздің әріптерімізге қызығатын. Сендерде қандай тамаша, «бір дыбыс - бір әріп» дейтін. Сөйтіп, 42 әрпі бар алфавитімізге қызығатын. Сондықтан латын нұсқасында да «бір дыбыс - бір әріп» қағидатын қалдыру қажет», - деп атап көрсетті профессор.
Айта кетейік, коммуникация саласының маманы Қуат Домбай болса, «W» әрпін қалдыру қажет деп санайды.
«Меніңше, «W» әрпін қалдыру қажет. Себебі ол кез келген пернетақтада бар. Сосын фонетика жағынан аталған әріп біздің «ұ» деген әрпімізге сәйкес келеді. Ал кириллицадағы «У»-ды «U» (Президентке көрсетілген кешегі нұсқада «У»-ды «Ү'» мен «у'» деп берген - авт) деп қалдырған жөн. Бұдан бөлек, «Sh», «Ch» және «Ng» деген үш диграфтарды қалдыруға болады», - дейді Домбай.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript