Лента новостей
0

Қымбат тариф Алматыдағы «Асыл Арман» тұрғын үй тұрғындарын тығырыққа тіреді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.10.2017 10:00 Zakon.kz
Жеке компаниялардың қарапайым халықтың жанайқайын елеп, ескеретін түрі жоқ.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде коммуналдық қызметтер бағасына қатысты дау шықты. Тұрғындар бұл қызмет бағасы жылына екі рет өседі деп ашынып отыр. Іргелі елді мекенінде ай сайын өтетін халықпен кездесуде жауапты мекеме басшылығы уәдені үйіп-төккенімен, әзірге еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы.

Халық жергілікті әкімдікке қымбатшылық туралы шағым айтып, әбден шаршаған. Сондықтан, кезекті басқосуға Ұлттық арнаның тілшілерін арнайы шақырып, күрмеулі түйінді Үкіметке жеткізуді сұрады.
«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 2018 жылдан бастап коммуналдық тарифтер тағы көтеріледі. Мұндағы 20 мың тұрғын қазір суық судың кубына 118,7 теңге төлеп отыр. Мұндай қымбатшылық еліміздің ешбір аймағында жоқ.

Қымбатшылық жырын тұрғындар жылдар бойы жырлап-ақ келеді. Бірақ, оған көңіл бөлген билік жоқ. Бұл аз болғандай монополистер суық судың тарифін 2018 жылы 143,7 теңгеге, 2019 жылы 152,7 теңгеге, 2020 жылы 162,2 теңгеге, ал, 2021 жылы 195,2 теңгеге көтермекші. Ал, кәріз құбыры мен қалдық судың да бағасы осылай жыл сайын еселене береді.

Алайда, бұған жұрт наразы. Алма Құрбанайқызы 20 жылдан аса еңбек етіп, баспанаға зарығып жетті. Бірақ, ширек ғасыр кезекте тұрып, әрең қолы жеткен пәтерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Енді, ол тариф тағы қымбаттаса, шайлығыма жетпейтін айлығымды қалай жеткіземін, деп налиды.

- Үйді алғанымызға 2,5 жыл болды осы 2,5 жылдың ішінде ай сайын тариф өседі. Бұл енді қалай? Сол себептен міне бүгін жиналыс болып жатыр. Қайтадан тариф көтеріледі дейді. Біз қазір осы тек қана тарифқа жұмыс істейміз, -дейді Қарасай ауданының тұрғыны Алма Кенжебекова.

Көпшілік осы тұрғын үй кешеніндегі тариф басқа өңірлермен салыстырғанда тым қымбат екеніндігіне наразы. Соңғы екі жылдың ішінде тариф көлемі бірнеше рет көтерілгенімен, қызмет көрсету сапасы жақсарған емес.

Сауалнама:
- Басқа аймақтарда жоқ қымбатшылық бізді қинап тұр. Өте қымбат. Сол туралы айтқым келеді.
- Бәріміз осы тарифтің көтеріліп жатқан бағасына ренішімізді білдіріп наразы екенімізді көрсетіп отырмыз. Енді жылдың ішінде екі рет тарифтің көбеюі ол ыңғайлы емес, өте қиын.
- Суық суымыз да, канализация да қымбат, ыстық су да қымбат. Сұмдық қой, сұмдық!

Жеке компаниялардың қарапайым халықтың жанайқайын елеп, ескеретін түрі жоқ. Өйткені, «олардың да жеке мүддесі, ішкі есебі бар», дейді жұрт. Ал, компания басшылары қымбатшылықтың негізгі себебін теңге бағамының құбылуымен байланыстырып отыр.

- Енді облыстық мекемелер қарап, тиісті инфляция коэффицентіне ғана көбейетін нәрсе ғой. Мысалы, мұғалімдердің айлығын өсіріп жатыр ма, дәрігердің айлығын неден өсіріп жатыр. Сол инфляцияға байланысты өсіріліп жатқан жұмыстар ғой. Бізде де сондай есептермен жасалып жатқан жұмыстар бұл, -деп жауап бері «Алатау Комсервис» компаниясының директоры Ерсайын Ешекенов.

Осы компаниялардың жұмысын қадағалайтын Монополияға қарсы күрес басқармасының өкілдері тұрғындардың шағымы бойынша тексеру жұмыстарын енді бастағандығын айтты.

- Тұрғындардың білдірген наразылықтарын ескере отырып, департамент «Алатау Комсервистің» қолданыстағы тарифтерін жоғарылатпауды жобалап отыр, -дейді Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Айжан Сәрсембайқызы.

Іргелінің іргесінде тұрған Алматы қаласындағы коммуналдық тарифтері бірнеше есе арзан екендігін «Асыл Арманның» тұрғындары біледі. Жергілікті әкімдікке шағымданғанымен, олар мардымды жауап бермепті. Сондықтан, «мегаполиске жақын орналасқан тұрғын үй кешенін Алматының балансына берсе, қымбатшылықтан құтылар едік», дейді халық.

Нұрлан Асқарұлы

Фото: photos-kr.kcdn.kz

Видео: itube.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: