Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған
Zakon.kz
Тәрбиешілер баланы ұмытып кетіп, бүлдіршін салқында отырып тоңып қалған.
Көпшіліктің жағасын ұстатқан бұл жағдай Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылындағы «Раушан» балабақшасында болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бөбекжай қызметкерлері баланы күннің салқындығына қарамастан далаға шығарып дәретке отырғызған. Тәрбиешілер баланы ұмытып кетіп, бүлдіршін салқында отырып тоңып қалған. Дәретте отырған баланы кешкілік уақытта ата-аналардың бірі көріп қалып ішке кіргізген.
Аталған іс бойынша балабақша меңгерушісімен сөйлескен едік. Бөбекжай басшысы баланы далаға шығарып қойған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданғанын айтты.
«Бала үлкен дәретке шығатын болған соң далаға отырғызып қойған. Ол дәретханаға барып үлгермейтінін айтқан. Бірақ ұзақ отырып қалыпты. Кінәлілердің бәріне сөгіс берілді. Мұндай жағдайлар алдағы уақытта қайталанбайды», – деді балабақша меңгерушісі Смакүл Елжанова.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript