Орталық-Шығыс көлік дәлізі: экономика мен бизнестің даму жолы
Zakon.kz
Ауқымды жоба Астана мен еліміздің шығыс өңірін біріктірмек.
Көліктік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2020 жылға дейін 7 мыңнан астам автожолдардың салынуы мен қайта жөнделуі жоспарлануда. Негізгі бағыттардың бірі - «Орталық-Шығыс» көлік дәлізі. Жол Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен желісі арқылы өтпек. Аталмыш жобаның учаскесіндегі жұмыс 2011 жылдан бері жүргізіліп, 2019 жылы аяқталады. Жаңа жол қауіпсіздік талаптарына толық жауап береді, және жүргінші жолдың кеңейтіліуінің арқасында I және II санатты техникалық параметрлерге сәйкес келеді.
«Орталық-Шығыс» жобасы Астананы шығыс өңірлерімен байланыстырмақ. Мұның үлкен экономикалық әлеуеті бар: транзиттік жүктерді тарту, отандық тауарлардың экспортының өсуі және туризмнің дамуы. Қазіргі таңда 230 км жол пайдалануға берілсе, осы жылдың соңына дейін тағы 240 км қолданысқа өткізілмек. Жалпы дәліздің ұзындығы 1016 км құрайды. Барлық жоба барысында жолдың жұмыстарын жүзеге асыратын негізгі компаниялардың бірі BI Road Construction болып табылады. 2012 жылдан бері бұл компанияның «АБК-Автодор НС» және «Казахдорстрой» атты дивизиондары өңірлік және республикалық транзиттің айырылмас бөлігіне айналған жаңа жол учаскелерін тапсырып келеді.
Мысал ретінде Павлодар қаласының батыс айналма жолын келтіруге болады. Бұл жерде BI Road Construction дивизиондары жалпы ұзындығы 26,6 км құрайтын I санатты төрт жолақты, он алты темір-бетон құбырлы, «Беде жапырағы тәріздес» және «құбырлы» жол түйінін салған.
Аталмыш компанияның портфолиосында одан да бірегей жоба бар. Бұл - Орталық Азияда ең үлкен болып табылатын Ертіс өзенінен көпір өтпесі. Құрылыс 2013 жылы басталып, 2016 жылы аяқталды. Мүлдем жол болмаған өзеннің жайылымы арқылы BI Road Construction құрылысшылары 12,3 км төртжолақты автожол салды. Оның 3,2 шақырымы жер үстіне көтерілген эстакадты бөлік болып табылады.
Көпір құрылысының барысында 13,5 мың тонна металл және 150 мың куб метр бетон пайдаланылған. Жұмысқа жалпы 1200 адам қатысты, оның 700-і Павлодар және Павлодар облысының тұрғындары. Қызметкерлерді таңдаудың бұл тәсілі BI Group-тың өзін отандық компания ретінде ұсынып, жергілікті кәсіпорындарды дамутыға деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Сондықтан да көпір құрылысы барысында павлодарлық өндірушілердің материалдары қолданылған. Осының арқасында, жобада 100-ден астам орта және шағын кәсіпорындар қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, BI Group асфальт пен бетонды облыстың аумағында тікелей өндіруді ұйымдастырды.
Жаңа көпір жүктасымалдарының жолын 40 шақырымға дейін қысқартты. Оның үстіне, көпір арқылы автопоездар сағатына 120 км жылдамдықпен жүріп өте алады.
Қазіргі таңда «АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС командалары Астана-Павлодар және Павлодар-Семей трассаларында жұмыс жасауда. Бұл жолдардың құрылысы 2018 жылы аяқталмақ. Содан кейін Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша Астана-Павлодар жүктасымалы мен жолаушытасымалының көлемі аз дегенде 2,5 есеге өспек.
Өткен жылдары тапсырылған учаскелерді ескергенде, BI Group «Орталық-Шығыс» дәлізінің 300 км жолын салмақ.
«Орталық-Шығыс» экономиканың өркендеуі және Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды орын алады. Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесімен жалпы шекарасы 840 шақырымды құрайды. Алтай өлкесінің 12 шекарааралық ауданында 11 өту бөлімшесі орналасқан (7 автокөлік және 4 теміржол). Осы аудандардың арасында серіктестік жөнінде келісім іске асуда: Шығыс Қазақстан әкімшілігі (2010 жылдың 7 қыркүйегінен) және Павлодар облысы (2012 жылдың 19 қыркүйегінен).
Ресейдің Алтай өлкесіндегі тауар айналымының жалпы көлеміндегі Қазақстанның үлесі 30%-дан асады. Сібір кеден әкімшілігінің деректері бойынша, Қазақстанмен сауда 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 176,990,000 АҚШ долларын құраған. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 47% құрады. Алтай аймағынан Қазақстанға ағаштан жасалған бұйымдар мен олардың өнімдері, қазандық жабдықтары мен оның бөліктері, азық-түлік өнімдері, шиналар мен теміржол вагондары, ауылшаруашылық техникасы, құбырларға арналған плиталар, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар, дәрі-дәрмектер экспортталады.
«Орталық-Шығыс» дәлізі тауар айналымын арттыруға көмектеседі. Бұдан басқа, бұл кейбір елді мекендердегі нашар жағдайда тұрған жол бойындағы қызметті дамытуға мүмкіндік береді. Ескере кететін маңызды нәрсе, жобада жол бойындағы дәмханалардың емес, демалуға, тамақтануға және душ қабылдауға болатын жоғары сапалы сервистік кешендердің құрылысы көзделуде.
«АБК-Автодор НС» осындай кешендердің бірі «Павлодар-Семей, 507-541 км» жобасында сақадай сай құрылыс салуда. Аққу ауылында 37,8 мың шаршы метр аумақта дәмхана, жылы тұрақ, қызмет көрсету станциясы және қазандығы бар 4 қабатты қонақ үй болмақ. Қазандықтың 32 метрлік құбыры қазірдің өзінде орнатылып, су өткізбейтін және коммуналдық желілерді төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жазда құрылысшылар «жерден» 3 метрге шықты, бұл жақын арада ғимараттардың да бой көтеретінін білдіреді.
Қорытындылай келе, «Орталық-Шығыс» жобасының негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады. Жолдың құрылысы қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыс орындарын құру арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінде кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жолдардың техникалық санатын арттыру апат деңгейін едәуір төмендетуге, жол жүрудің ыңғайлылығын жоғары деңгейге көтеруге және жылдамдықты арттыру арқылы транзиттік жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript