Лента новостей
0

Астана базарында белгісіз имамдардың заңсыз намазханасы анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.10.2017 15:40 Zakon.kz
Астана базарларының бірінде жалгер белгісіз уағызшыларға намазхана ретінде орынды жалға берген.
Астана қаласы Орталық базарында ресми емес намазхана жұмыс істеп тұрған. Ол жерге келген адамдармен белгісіз дін уағыздаушылары жұмыс жасаған, деп хабарлайды sputniknews.kz, Астана қаласы сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Билік орындарымен келісілмеген бұндай миссионерлік қызмет мамыр айында әшкереленгені айтылады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратты жалға алған ЖШС иесін әкімшілік жазаға тартып, кәсіпкерге 200 АЕК (1 АЕК = 2 269 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.

Алайда, мұндай құқық бұзушылықты ол алғаш рет істеп тұрғанға орай, сот белгіленген айыппұлдың көлемін 30% азайтты. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: