Лента новостей
0

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2017 11:02 Zakon.kz
Тіпті автобусқа отырған олар әкім тапсырмасын орындауды бастағанын растау үшін суреттерін де жолдады.
Шымкенттің шенеуніктері әкімінің тапсырмасынан соң жаппай автобуспен үйлеріне қайтты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ
тілшісі.



Ғабидолла Әбдірахымов күні бүгін қол астындағы қызметкерлеріне қоғамдық көлік проблемасындағы проблемаларды анықтап, олармен күресу мақсатында автобусқа отыру қажеттігін тапсырған болатын.

Әкімдіктің басшылық құрамы енді бір ай бойы қоғамдық автобуспен жүруге міндеттелген еді. Қашан да тапсырманы орындауға асық тұратын шенеуніктер жұмыстан шыға сала аялдамаларда кезекке тұрды.

Тіпті автобусқа отырған олар әкім тапсырмасын орындауды бастағанын растау үшін суреттерін де жолдады.

Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Рашид Аюпов пен қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай



Шымкент қалалық жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Қуатжан Жұматаев.

Айтпақшы, қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бүгін өткен әкімдік жиынында осы шенеуніктің суретін шаһардағы бүкіл қоғамдық автобустарға іліп қоюды ұсынды. Әкімнің айтуынша, күн сайын қоғамдық көлік проблемасына тап болатын қарапайым халық бұл салаға жауапты қызметкерді тануы тиіс.


Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов пен оның орынбасары Ерік Тіленшин



Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсет Әбдіраханов



Шымкент қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов пен Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Райгүл Бекмұратова


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: