Лента новостей
0

Тиімді меншік иесі дегеніміз кім? Үй-жай немесе пәтер иесінен айырмашылығы неде?

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2017 11:33 Zakon.kz
Көппәтерлі тұрғын үйдегі барлық мәселе меншік иелеріне ортақ шаруа.
Көппәтерлі тұрғын үй – айтарлықтай күрделі инженерлік объект, жылжымайтын мүлік кешені, көптеген адамдардың тұрғылықты орны.

Егер сіз үйіңізге немқұрайлы қарап және оны тиісті деңгейде күтіп-ұстамасаңыз, онда ортақ мүлік қысқа мерзімде қажетті инженерлік және техникалық қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, демек, жеке мүлкіңізді де пайдалану қауіпсіз әрі жайлы болмауы мүмкін.

Сондықтан тұрғындар жалпыға ортақ меншікті тиісті деңгейде сақтауы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті, сондықтан олар «Тиімді меншік иесіне» айналуы тиіс!

Көп жағдайда, кейбір пәтер иелері жалпы мәселелерді шешуге белсенді қатысса, ал басқалары «Бұл менің шаруам емес» қағидасы бойынша өмір сүреді. Бірақ, көппәтерлі тұрғын үйдегі барлық мәселе меншік иелеріне ортақ шаруа.

Тиімді меншік иесі жалпы жиналысқа қатысады – себебі бұл өте маңызды. Өйткені, өзекті мәселелер бойынша шешімдер ұжымдық түрде қабылданады. Шешімдер қабылдау процедурасы осындай жиындардың сандық құрамымен айқындалады, ал егер зердесіз адамдар көп болса, ешқандай шешім қабылданбайды және үйге тиісті деңгейде қызмет көрсету жүзеге аспайды.

Тиімді меншік иесі үйдің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға қатысты қызметті жоспарлауға атсалысады.

Мұндай жалпы шешімдерге қатыса отырып, ол өзінің ерік-жігерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар ай сайынғы төлемдер мен қызмет көрсету сапасына да әсер ете алады.

Осылайша, тиімді меншік иесі – көппәтерлі тұрғын үйде тұратын адамның стандарттық портреті болып табылады. Ол өз үйімен қатар, сондай-ақ кондоминиум объектісі жалпы мүлкінің белсенді, мұқият және үнемді иесі.

Бұған қоса, тиімді меншік иесі болу – пайдалы. Иә, бұл расымен нақ солай!







Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: