Сайрам ауданында төтенше жағдай жарияланды
Zakon.kz
Сан рет рейдтік іс-шаралар өткізіліп, айыппұл салынып жатқанымен жер қойнауын пайдаланатындар заңсыз әрекетін доғарар емес.
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың кесірінен Сайрам ауданында төтенше жағдай жарияланды. Себебі тас қиыршықтарын қазып жатқандар Ақсу, Сайрамсу өзенінің арнасын бұзып жіберген. Салдарынан сібір жарасын қорғау аймағын су шайып кету қаупі туындап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті жиын кезінде белгілі болды, деп хабарлайды tvk-uko.kz.
Сан рет рейдтік іс-шаралар өткізіліп, айыппұл салынып жатқанымен жер қойнауын пайдаланатындар заңсыз әрекетін доғарар емес. Керісінше, құрылысқа қажетті тас пен құмды өзен жағасынан қазып алып, емін -еркін сататындар көбейген. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер өзіне тиесілі жер учаскесін нысаналы мақсатында пайдаланбай, қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп жатыр. Құзырлы органдар мұны біледі. Біле тұра қатаң жаза қолдана алмайды. Өйткені заң солай.
Ильяс Құрамысов, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
– “Жергілікті әкімдік, учаскелік полицейлерге бұл орындар белгілі. Алайда, заңсыз тасу деректері тоқтамай жатыр. Әкімшілік жаза шараларын көретін экология департаменті тек ғана ішкі істер органдары жолдаған хаттама бойынша немесе арыз негізінде жұмыс жүргізеді. Өз тарапынан заңсыз қазу деректерін анықтауға бастама танытпайды”.
Заңсыз жер қазып, тас қиыршықтарын өндіретіндердің әрекеті облыс әкімініңде ашуына тиді. Мұндай фактілер өңірдегі кез-келген аудан қалаларда бар екенін айтқан Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласының маңында заңсыз жер қазу түнгі уақыттада жүріп жатқанын мәлімдеді. Әсіресе, Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында жағдай ушығып тұр,-деді аймақ басшысы.
Жансейіт Түймебав, ОҚО әкімі:
– “Сайрамсу, Ақсу өзенінің бойында сау жер қалмаған. Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың кесірінен сібір жарасын қорғау аймағын су шайып кету қаупі төніп тұр. Егер сол жерді су шайса не болады? Бүкіл облыс құриды”.
Облыс басшысының сөзін Бахтияр Мамаевта қоштап отыр. Аудан әкімі қазір Сайрамда төтенше жағдай жарияланып, арнасы бұзылған өзен жағасында қарқынды құрылыс басталғанын айтты.
Бахтияр МАМАЕВ, Сайрам ауданының әкімі:
– “Қазіргі таңда ауданда аумақты төтенше жағдай жарияланып, тиісті құжаттары өткізілді. Ол жердегі жұмыстар басталды. Осы аптаның ішінде бетон құю жұмыстары басталады”.
Жауаптылардың есебін мұқият тыңдаған облыс әкімі бұл мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды. Сондай-ақ, рейдттік іс-шараларды жиілетіп, заңсыздыққа жол бергендерді жазалау керек,-деп кесіп айтты.
Нұрсұлтан Тұрысбеков
Фото: tvk-uko.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript