Лента новостей
0

Батыс Қазақстанда үш ауылдың тұрғындары қалаға жете алмай отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2017 13:48 Zakon.kz
15 жылдан бері күніне 4 рет қатынап келген автобус бір айдан бері тоқтап жүрмей қойған.
Бір айдан бері қоғамдық көлік қатынасы тоқтап, Магистральное, Әйтиев, Тоқпай елді мекендерінің халқы қиналып қалды. Әсіресе, облыс орталығында оқитын жастар мен жұмыс істейтін тұрғындарға ауыр соғып тұр, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Өйткені, ауыл мен тасжолдың арасы - 3 шақырым. Жергілікті билік болса, мәселені шеше алар емес. Өркениет игілігінен қағылған ауылдың бірі - Теректі ауданына қарасты 300-ден астам тұрғыны бар Магистральное елді мекені.

15 жылдан бері күніне 4 рет қатынап келген автобус бір айдан бері тоқтап жүрмей қойған.

Айтжан Ашихов, ауыл тұрғыны:

- Көлік қатынасы жоқ өте қиын екен. Қалада немерем оқиды. Кеше кемпір екеуміз автобекеттен түсіп қалдық, автобус күтіп. 6-7 болды, жоқ автобус. Бұрын 77 жүретін еді. Содан 1500 теңге төлеп келдік.

Ауыл мен қала арасындағы жолақы құны – 150 теңге болған. Тамыздың 1-інен бастап қаладағы қоғамдық көліктегі билет құны 60 теңгеден 80 теңгеге өсті. Егер жолақы көтерілсе, оған да келісеміз, тек қатынас қайта жандансын, - дейді тұрғындар.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Магистральное ауылының құрылғанына 40 жылдан асқан. Ауылда газ, жер асты су көзі бар. Қатқыл табанды жол кеңес кезінде салынған. Бірақ, содан бері бірде-бір рет жөнделмепті. Автобус болмағандықтан, енді осы шұрық-тесік жолмен 3 шақырымдай жаяу жүріп, тасжолға жетеді халық. Әрі қарай қалаға дейін такси ұстауға тура келеді.

Валентина Горяева, ауыл тұрғыны:

- Автобус та жоқ, жол да жоқ. Жол нашар. Көктем-күзде балшық. Қыста тіпті күртік қар аршылмайды. Бұрын техника болушы еді. Қазір оның бірі де жоқ. Зейнетақымызды да барып, ала алмай отырмыз. Таяққа сүйенгендер тасжолға қалай жетеді?

Ауыл Теректі ауданына қараса да, Оралмен екі ортаға қатынайтын қоғамдық көлік қалалық әкімдіктің иелігінде.

Қайрат Мұханбетқалиев, Орал қалалық жолаушылар тасымалы, Автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

- №77-ші қоғамдық көлік «Пассажир Авто» кәсіпорнына қарайтын. Олардан «Қаржылық қиындықтарға байланысты бұл жол бағытында қызмет көрсете алмаймыз» деген хат келді. Өйткені, шығын көп, жолаушылар аз. Қазір біз басқа жолаушы тасымалдаушылармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Егер біреу келісім берсе, қоғамдық көлік қайта жанданады. Егер келісім жасалмаса, біз қайта конкурс жариялаймыз.

Ал, ауыл жұртшылығы егер қоғамдық көлік мәселесі шешілмесе, күре жолды жабамыз деп бекініп отыр.

Ардақ Мұратқызы

Фото: kaztrk.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: