Лента новостей
0

Еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілмек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.10.2017 10:08 Zakon.kz
Бұл жұмыстың қорытындысы 3 айдан кейін белгілі болады.
Көмір бағасының көтерілуіне ірі өндірушілердің тікелей қатысы бар сияқты. Ұлттық экономика вице-министрі еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілетінін мәлімдеді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Былтырғы бағамен салыстырып, бағаның биылғы қымбаттауы қаншалықты орынды екені анықталады, деді Руслан Дәленов. Олар Астана, Алматы қалаларында сондай-ақ Алматы, Ақмола, Ақтөбе, және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан кәсіпорындар.

Барлығы енді бағаны себепсіз қымбаттату дерегіне қатысты тексерілмек. Бұл жұмыстың қорытындысы 3 айдан кейін белгілі болады.

Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйек айында көмір бағасы қымбаттап кетті. Өндірушілер мұны ауа райының күрт суумен түсіндірген болатын.

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: