Лента новостей
0

ОҚО-да ауру малдың өлексесі көмілген жерді су шайып кетуі мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.10.2017 11:07 Zakon.kz
Өзендерге күйдіргіден қорғау аймағы жапсарлас орналасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал өлексесі көмілген орынды су шайып кету қаупі бар. Ол жерде қазақ «күйдіргі» деп айтатын Cібір жарасын жұқтырған мал көмілген, деп жазады Хабар телеарнасы.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар Ақсу, Сайрамсу өзендерінің арнасынан тас алып, бұзып жіберген. Ол өзендерге күйдіргіден қорғау аймағы жапсарлас орналасқан. Қазір Сайрам ауданындағы осы маңда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті мамандар мал өлексесі көмілген аумақтың арнасын түзеп, жағасын бекітудің қамына кірісті. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 101 миллион теңге бөлініпті. Ал тас қиыршықтарын өз мақсаттарына пайдаланған карьер жұмыстарын тоқтатумен құзырлы мекеме айналысып жатыр.

Батырғали Сопбеков, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

-Ол жерде арна түзеу жұмыстары,жағаны темір бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізеді. Жалпы ұзындығы 1500 метр. Сонымен қатар жергілікті атқарушы оргондармен аталған көміктің айналасын қоршау жұмыстары да жүргізілетін болады.

Фото: khabar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: