Зейнеткерлерді алдаған азаматша сотталуда
Zakon.kz
Биылдың өзінде төртінші рет сотталып отырған 36 жастағы сотталушы өзін бейнекамераға түсіруге қарсы болды.
Шымкенттік зейнеткерлерді сан соқтырып, алаяқтықпен қалтасын қағып келген азаматшаның ісі сотта қаралып жатыр. Еңбекші аудандық сотында Сарығаштың 36 жасатағы тұрғынына қатысты сот процесі өтті. Эльмира К. есімді азаматшаға қылмысты кодекстің екі бірдей бабымен айып тағылған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Сарыағаштық сотталушы қарт адамдарды алдап, бар қаржысын қалтасына басқан. Ол аз дегендей кейбірінің мүлкін ұрлаған. Биылдың өзінде төртінші рет сотталып отырған 36 жастағы сотталушы өзін бейнекамераға түсіруге қарсы болды.
Тергеу барысында анық болғаны, Эльмира есімді сотталушы бір жыл бойында зейнет жасындағы кісілердің сеніміне кіріп, өзін медбике, әлеуметтік қызметкер ретінде өзін таныстырған. Зейнеткерлерге медициналық препараттарын, зейнетақысын әкеп бермек болған. Соған сенім артқан қарттарды сан соқтырып кеткен.
Жәбірленушілердің бірінің жарасын арнайы қоспамен емдеген. Қоспаның құрамында су, май, алтын бұйымдар болған. Өз қолымен жарасын жазу үшін лағыл тасты жүзігі мен алқасын берген зейнеткерді жарты миллион теңгеге тақырға отырғызған.
Әл Фараби аудандық сотында Эльмира жақсы таныс. Өйткені ол ақпан және мамыр айында дәл осы сотта істі болған еді. Енді тура сол баппен алаяқтық пен ұрлығы үшін үшінші рет сотталып жатыр. Алдыңғы сот процестерінде жанашырлық танытқан қарт жәбірленушілер сотталушыға кешірім берген. Оның үстіне рақымшылық заңымен босатылған. Ал прокуратура қызметкерлері азаматтарға алаяқтан абай боп, бөгде кісіге сенім артпауды сұрайды.
Фото: vestnikkavkaza.net
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript