Лента новостей
0

Ақтөбелік мұғалім есеп шығарудың жеңіл тәсілін қолданысқа енгізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.10.2017 14:42 Zakon.kz
Есептің бәрі мектеп бағдарламасына негізделген.
Ақтөбелік мұғалім Азамат Киреев есеп шығарудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Онлайн түрде есеп шығаруды үйрететін мұғалім бір мезетте бірнеше оқушымен сабақ жүргізе алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Елімізде балалар математика пәнінің бақылау жұмыстарынан көп сүрінеді. Тіпті ҰБТ кезінде ең төмен балл математика пәнінен болып тұр. Ақтөбелік педагог Азамат Киреевтің айтуынша, оқушылардың көбі мәтіндік есепті шығаруға қиналады. Ол өзіне ата-аналардың жиі хабарласып, есеп шығаруға көмектесуін өтінетінін айтып берді. Кейін жаңа әдісті қолданысқа енгізді.

«2013 жылы логикалық, мәтіндік тапсырмаларды орындай алатын әдіс ойлап таптым. Мәселен, балам пайыздық үлесті шығара алмайды деп айтады. Мен пайызды шығаратын 100 есеп беремін. Бірінші есепті шешеді. Бірден жауабы айтылады. Көптеген сайтта бұл жоқ. Жауап берген соң бейне шешімі шығарылады. Тетікті басып, арнайы жүктемеден есептің шешімін қарауға болады. Яғни, «мұғалім» шаршамайды, қайталап көрсете береді. Бір сәтте 10 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік бар», — деді Азамат Киреев.

Есептің бәрі мектеп бағдарламасына негізделген. Дегенмен оқулықтағы тапсырмалар көшірілмейді. Жаңа әдіспен есеп шығаруды үйренген балалар бір аптада жетістіктерге жете бастаған.

Азамат Киреевтің бұл жобасы үздіктер қатарынан табылды. Ақтөбе облысы әкімінің грантын алып, қазір №3 орта мектеп оқушыларымен эксперимент өткізіп жатыр. Қазір сайтта 2 мыңнан астам есеп бар, 1 мыңнан астам есептің шешімі шығарылды.

Фото: johnmclaughlin.info
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: