Лента новостей
0

Жол азабын тартқан ақтөбеліктер өз қаржысына тасжол төседі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2017 09:05 Zakon.kz
Әкімдік қызметкерлері Жиембет жырау көшесіне қандай құрылыс материалы төселгенін білмейді.
Ақтөбе қаласының Заречный-4 елдімекенінің тұрғындары тасжол төседі. Олар қаржы жинап, көлікті де жалға алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласындағы елдімекен тұрғындары жол азабын тартып, өздері тасжол төсеуге көшті. Таяуда Заречный-4 елдімекенінің тұрғындары өз күштеріне сеніп, тасжол салды.

«Заречный-4 елдімекенінің тұрғындары Ақтөбе қаласы әкімдігіне бірнеше рет өтініш беріп, Жиембет жырау көшесіне жол салу туралы айтқан болатын. Бірақ ешқандай жауап болды. Тұрғындар көшені өз қаржысына жөндеді»,- деп хабарлама жазды елдімекен тұрғыны.

Дегенмен бұл бір ғана дерек емес. Биыл Заречный-2 ауылының тұрғындары да қаржы жинап, жол салып алды.

«Заречный-4 елдімекені Қарғалы ауылдық округіне қарайды. Округте 21 көше бар. Оның барлығына тасжол төсеу мүмкін емес. Биыл 11 көшеге қиыршық тас төсеу, 11 көшені жарықтандыру жұмысы жүріп жатыр. Қыс түскенде барлық көшелерді қырып, тегістеу жоспарланды. Біз Ақтөбе қаласы әкімдігінен арнайы көлік сұратып отырмыз. Себебі, бізде мұндай арнайы техника жоқ, егер болса барлығын тегістеп, қалпына келтіріп қояр едік», — деді Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Дастан Әжібаев.

Ал, әкімдік қызметкерлері Жиембет жырау көшесіне қандай құрылыс материалы төселгенін білмейді.

Фото: bbci.co.uk


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: