Шымкентте пәтер өртеніп, 5 жасар бала мерт болды
Zakon.kz
Қазір қайғылы жағдайдың себебі тексерілуде.
Шымкентте пәтер өртеніп, бес жасар бала тірідей жанып кетті. Қайғылы жағдай қаладағы Әл Фараби алаңы маңындағы үйлердің бірінде болған. Мұнда пәтерден өрт шығып, 11 пәтерде үй заттары жанып, 19 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің беті сағат 16:52-де қайтарылып, 17:07-де толығымен сөндірілді, деп жазады otyrar.kz.
Қызыл жалынның көлемі 35 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 2012 жылы туылған баланың мәйіті табылды деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 5 арнайы техникасы мен жеке құрамнан 23 қызметкер жұмылдырылды. Қазір қайғылы жағдайдың себебі тексерілуде.
Фото: otyrar.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript