Шахтинскте гимнастикамен айналысатын бала абайсызда баулыққа асылып қалды
Zakon.kz
Бала 27 қазан күні жер қойнына табысталады.
26 қазан күні Шахтинск қаласында гимнастикамен айналысатын 12 жастағы бала швед қабырғасы деп аталатын баулықтарда жаттығу жасап жатып, шатасып кетіп, қылғынып қалады. Бұл туралы stan.kz, «Новый вестник» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
“Баланың анасы үйде болған. Ол бұл турниктерде жаттығу жасап жүргендіктен ата-анасы уайымдамаған. Ол қолын тіреп айналған кезде баулықты шатастырып алып, арқан баланың мойынын орап қалады, ол айғайлап жіберіп босанып шығу үшін секіріп кеткен. Сол жерде бірден асылып қалады. Анасы оны құтқарып үлгере алмай қалады. Оқиға орынына келген полицейлер де мұның ешқандай суицид емес екенін растады. Отбасы да, бала да өте жақсы еді. Ол бүгін ғана тарихтан олимпиадаға қатысуға өтініш берген болатын”, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Николай Онсович.
Бала 27 қазан күні жер қойнына табысталады. Ол отбасының жалғыз ұлы екен.
“Ол әркез көңілді, қайырымды бала болды. Спортпен айналысып, белсенділік танытатын. Оның қазасына әлі сене алмай отырмыз. Бұл өте ауыр қайғы”, – дейді мектеп директоры Ирина Сторожко.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript