Павлодар қаласында жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді
Zakon.kz
Жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.
Бүгін Павлодар қаласының аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы zakon.kz, Павлодар облысының ішкі істер департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.
Облыс орталығы қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз, - деді департамент мамандары.
Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.
Фото: sputniknews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript