Лента новостей
0

СҚО-да бензин бағасы тағы да қымбаттады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.10.2017 14:26 Zakon.kz
Сала мамандарының айтуынша, өңірде сұйық отынның тапшылығы жоқ.
Ең өтімді АИ-92 маркалы сұйық отынның құны аймақта 162 теңгеге дейін көтерілді. Осы уақытқа дейін ол 156 теңгеден саудаланып келген болатын. Ал кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин тек талонмен босатылып жатыр, деп жазады Хабар телеарнасы.

Сала мамандарының айтуынша, өңірде сұйық отынның тапшылығы жоқ. Ал бағаның бұлай шарықтап кетуіне ресейлік мұнай компаниялары бағаны өсіргендігі себеп.

Айта кету қажет, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысына жанар-жағармай толықтай Уфа зауытынан тасымалданып жатыр.

Виктор Иванов, қала тұрғыны:

– Баға күн сайын өсіп жатыр. Бұрын мың теңгеге әжептәуір бензин құйып алатын едік. Қазір 5-6 литр ғана келеді. Шыны керек, жүріп-тұруымыз қиындап кетті. Құралай Жарова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы: – Бүгінгі күні облысымызда 2760 тоннадан астам жанар-жағармай қоры бар. Осы айдың 29-ы күні тағы 1100 тонна бензин жеткізілінеді. Сондықтан бізде сұйық отын тапшылығы болмайды. Ал баға осы деңгейде сақталады.

Фото: liter.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: