Ақтөбеде жастардан жүрек ауруының белгілері анықтала бастады
Zakon.kz
Инсульт бір анықталғаннан кейін мүгедектікке әкеледі.
Ақтөбелік дәрігерлер тұрғындарға денсаулыққа бей-жай қарамауға кеңес береді. Мамандар ерте жастан инсульт алып жатқандардың барына алаңдап отыр, деп жазады aktobenews.kz.
«Қауіптіліктің алдын алу үшін тұрғындардың дәрігерге келіп тексерілуін сұраймыз. Қазір жастардың өзінен көптеген ауру белгілері анықталып жатыр. Инсульт тек ересек адамдардан ғана емес, 25-30 аралығындағы жастардан да анықталып жатқанын көріп отырмыз. Физикалық қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбау, депрессияға шалдығу, ертелі-кеш ұялы телефонды қолдан тастамаудың өзі керін әсерін береді», — дейді №1 қалалық емхана дәрігері Жанат Алдан.
Ақтөбелік дәрігерлер 29 қазан — дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні де тұрғындарға ақпарат беріп, қан құрамдарын тексерді.
«Қан қысымын, қандағы қант құрамын тексеріп тұруымыз қажет. Инсульт бір анықталғаннан кейін мүгедектікке әкеледі. Кез келген адам қан қысымын күн сайын қадағалап, артық салмаққа жол бермей, дұрыс тамақтанып, жиі тынығып, алкаголь мен темекіден аулақ болу керек», — дейді дәрігер.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript