Теолог: Ақтөбеде жат ағым өкілдерінің ықпалы бәсеңсіген
Zakon.kz
Өңірде жат ағым жетегінде деген қауіппен есепке алынғандар саны азаюы мүмкін.
Ақтөбедегі жат ағым өкілдерімен жұмыс жасап жүрген ақпараттық топ мүшесі жағдайды баяндады. Радикалдық көзқарастағы азаматтар ел заңына құрметпен қарай бастаған, деп жазады aktobenews.kz.
«Ақтөбедегі діни жағдай туралы айтатын болсақ, жат ағым өкілдерінің ықпалы бәсеңсігені байқалады. Мен түзету мекемесінде отырған 5 маусым оқиғасына қатысқан азаматтармен сөйлестім. Олардың ой-санасы көп өзгерген. Осыған дейін сөйлескенімде олардың көзқарастары мүлдем басқа болды. Қазір өз әрекеттеріне өкініп отыр. Жаза мерзімін қысқартса, бала-шағамыздың ортасына барып таза жұмыс жасасақ деген тілекте. Бұл да жүргізілген жұмыстардың нәтижесі деп ойлаймын. Түзету мекемесінде отырған Сағынғали деген жігіт: «Еркіндікте жүргенде көп нәрсеге көңіл бөлмегеніме осы жерге келгенде көзім жетті» дейді. Қазір құран жаттап жүр екен. Ол кісі қалтасына құран кітап салып жүруге рұқсат алып беруімді сұрады», — дейді теолог Балғабек Мырзаев.
Өңірде жат ағым жетегінде деген қауіппен есепке алынғандар саны азаюы мүмкін.
«Шұбарқұдықта мешіт жамағатымен, мектеп директорымен кездестік. Есепте тұрған алты азаматпен сөйлестім. Соның ішінде екеуін есептен шығаруға болады деген қорытындыға келдік. Олардың мемлекетке, заңға деген құрметі толық қалыптасқан деген баға берілді. Осыған дейінгі теологтардың жұмысын қарадық. Проблема жоқ емес, бар. Әсіресе, мектеп формасын сақтау жөнінде. Оқушылардың мектеп формасын сақтамай, орамал тағуды қолдап отырған балалардың ата-аналардың діни сауаты төмен», — дейді Мырзаев.
Фото: otyrar.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript