Лента новостей
0

Енді ұн тапшылығы болуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.10.2017 10:26 Zakon.kz
Оңтүстік өңірдегі ұн шығарумен айналысатын 50-ге тарта кәсіпорын таяуда жұмысын тоқтатуы мүмкін.
Бензиннің соңын ала енді нанныңда бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Өйткені, облыстағы ұн өндіретін ірі зауыттар бірер күннің ішінде жұмысын тоқтатамыз,-деп отыр. Басты себеп, астықтың дер кезінде жеткізілмеуі. Ал, қамбадағы қор таусылуға шақ қалған. Айтуларынша, Солтүстік өңірде бидай жеткілікті мөлшерде жиналыпты. Тек оны тасымалдайтын вагон жоқ. Тығырыққа тірелген кәсіпорын қожайындары бұл проблеманы шешуге биліктегілердің араласуын сұрап, дабыл қақты, деп жазады tvk-uko.kz.

Оңтүстік өңірдегі ұн шығарумен айналысатын 50-ге тарта кәсіпорын таяуда жұмысын тоқтатуы мүмкін. Себебі, Солтүстіктегі астықты тасымалдау проблема болып тұр. Қазір зауыттар қордағы соңғы бидайды өңдеп жатыр. Оның өзі ары кетсе бір-екі күнде таусылады екен. Ал, шикізаттың жақын арада жеткізілетін түрі жоқ. Өйткені, вагондардың барлығы Ресейде,-дейді ашынған кәсіпкерлер. Сондай-ақ, бұл мәселені әрқайсысы өз бетінше ертерек шешуге әрекеттеніп көрген. Бірақ, нәтиже шықпаған.

– “Әрқайсымыз мәселені өзіміз шешуге әрекет жасап көрдік. Үміттендік. Әне болады, міне болады,- деп. Бірақ, уақыт тақалғанда жағдай осылай болып тұр”.

Облыстағы ең ірі компаниялардың бірі «Алтын Дәннің» өзі тасымал мәселесінен қиындық көріп отыр. Аталған зауыт тәулігіне шамамен 15 вагон шикізатты қажет етеді екен. Ал, бидайды жеткізіп беруі тиіс «Астық-Транс» әзірге тек уәде берумен шектеліп жатыр,-дейді. Бірақ, нақты қай күні вагондардың босайтынын дөп басып айта алмауда. Онымен қоса, екі айдан бері тапысырыс қабылдауды доғарыпты. Жағдай жөнге келмей, осылай жалғаса берсе, қамбадағы бидай шіріп кетуі мүмкін,-дейді мамандар.

Бахарам Абдукаримов, «Алтын Дән» ЖШС басшысы:

– “Диқандар өнімін сата алмай отыр. Өйткені біз алмай отырмыз. Бұл мәселені тіпті үлкен компанияларда шеше алмай отыр. Себебі, вагон жоқ. Сондықтан мұны реттеуге Елбасы араласуы керек. Егер шынымен Ресей вагондарды бермей жатса”.

Бизнесмендерді тығырыққа тіреген «Астық- Транс» Қазақстандағы бидай тасымалдайтын жалғыз компания. Оның өзі қазір Ресей Федерациясының меншігіне өтіп кетіпті. Вагондардың шекара асуының басты себебі осы болуы мүмкін.

Бахарам Абдукаримов, «Алтын Дән» ЖШС басшысы:

– “Халыққа айлық төлеуіміз керек, салық төлеуіміз керек. Мұның барлығы тоқтайды. Себебі зауыт тоқтайды”.

Мұны облыс деңгейінде шешу мүмкін емес, деген кәсіпкерлер маңызды шаруаға үкіметтің араласуын сұрап отыр.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Фото: tvk-uko.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: