Лента новостей
0

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.10.2017 12:47 Zakon.kz
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі 1 қарашадан бастап іске қосылады.
Елімізде тұрғылықты жер бойынша тіркелу рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қарашадан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі іске қосылады.

"Әділет министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процедурасын жеңілдеттік. Бұл үшін ақпараттық жүйені кірістірдік, ол сынақтан сәтті өтті", — деді ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңа тәртіп бойынша тіркеу кезінде азаматтардан баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді. Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: