Лента новостей
0

Алматыда «Рухани жаңғыру» идеяларын жүзеге асыруға бағытталған конференция өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2017 09:26 Zakon.kz
Кеңес жұмысы барысында ғалымдар мен сарапшылар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шешуші бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша келелі сұхбат өрбіді.
«Ғылым, білім және инновация – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеяларын жүзеге асыру негіздері». Осындай атаумен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы оқу орнының Медиа орталығы хабарлады.

Алқалы жиында қазақстандық ғалымдар мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары Мемлекет басшысы көтерген бастамалар негізінде Қазақстанды жаңғыртудың мәселелерін ғылыми негіздерге сүйене отырып талқыға салды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар бағдарламалық мақаланың идеяларын жүзеге асыру мен білім беру қызметінің сапасын арттыру жолдары және «Мәңгілік елге» айналу идеясының шешуші бағыттары да әңгіме өзегіне айналды.

– Бұған дейін тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында ұлттық сананы жаңғырту сияқты аса ауқымды әрі терең міндет тұрмаған еді. «Рухани жаңғыру» – мемлекеттік барлық салаларының сапалық тұрғыдан жаңаруына негізгі іргетас болатын идеялық тұғырнама. Халықтың тарихы, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі – рухани құндылықтарымыздың қайнар бастауы. Ата-бабаларымыздың ұлттық кодын бізге жеткізетін – қазақтың мәдени әлемі. Ол – бұрынғы өткен ғалымдардың жұмыстары, эпикалық мұралар, музыка, архитектуралық ескерткіштер. Қазіргі күнде осы құндылықтардың барлығы қайта жаңғыртылып, сақталуда, – деді жиынға қатысушылар.

Конференция жұмысы «Қазақстан Республикасының қазіргі ғылым мен білімнің өзекті мәселелері», «Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері», «Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар және үш тілді білім беруді жүзеге асыру» және «Робототехника саласындағы құзыреттіліктер» бағыттары бойынша жүргізілді.

Кеңес жұмысы барысында ғалымдар мен сарапшылар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шешуші бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша келелі сұхбат өрбіді. Қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқан кешенді жұмысты кеңінен насихаттап, нақты қорытынды шығаруда осы тақілеттес жиындардың маңызы зор екенін атап өтті.

Конференцияда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Сәнім Қожаева «Қазақстанда ғылым мен білімдегі интеграциясының даму барысы», Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Құндыз Аганина «Білім беру жүйесінде менеджерлерді дайындау», Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-дың доценті Тұрсынай Қойшиева «Болашақ оқытушылардың танымдық іс-әрекеттерін бағдарлы жобалау негізінде қалыптастыру» тақырыптарында пайымды пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, шара аясында Қыздар университетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: