Лента новостей
0

ОҚО-да анасы пышақпен, ал әкесі балтамен бала-шағасын қорқытып, үйден қуып шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 11:22 Zakon.kz
Арақ ішсе болды анасы мен әкесі адам төзгісіз әрекетке барып, күн көрсетпейді екен.
Араққа құмар ерлі-зайыптылар түннің қақ ортасында төрт баласын үйінен қуып, қаңғытып жіберген. Бұл сұмдық жағдай Ордабасы ауданы шұбар су тұрғын үй алабында орын алған. баласынан безінген ата-аналар перзенттерін далаға тастамақ түгілі қайыр сұрау, ұрлық сынды қылмыстық істерге баруға дейін мәжбүрлейді екен. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Кішкентай Александраның айтуынша, туған әкесі оны біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, ұрлық жасауға мәжбүрлеген. Өзі бала болса да әкесінің қысымымен жасаған әрекеті үшін ол камера алдында ұялып отыр. Араққа құмар ата-анаға жасы кәмелетке толмаған балалары табыс көзіне айналған. Құлқы үшін перзентерін қайыр сұрауға, арақ табуға жұмсап келген. Мұнымен қоймай таяқтың астына алып, бір түнде қаңғытып жіберген.

Марина Новикова, көршісі:

Үлкен қызын анасы ақша үшін ер кісімен жатқызбақ болған. Ал қызы бұған көнбеген. Сөйтіп анасы пышақпен, ал әкесі балтамен бала-шағасын қорқытып, еркекпен төсекке жатпаған қызын өлімші етіп сабап тастап, балаларын үйден қуып жіберген. Кәмелет жасына толмаған үш баласы бар. Олардың барлығы көшеде қайыр сұрап жүреді. Қайыр сұрап ақша немесе азық-түлік әкелмесе, ата-анасы балаларын ұрып-соғады.

Ата-анасының көрсеткен қорлығын перзентері сөзбен айтып жеткізе алмайды. Арақ ішсе болды анасы мен әкесі адам төзгісіз әрекетке барып, күн көрсетпейді дейді.

Бір күні түнде тұрсам, әкем Алинаны қылқындырып, ұрып жатыр екен. Әкемді әрең итеріп жіберді. Сөйтсем, әке-шешем оны Руслан есімді жігітпен төсекке жатқызбақ болған екен. Үйде мен және екі сіңлім бар еді. Барлығымыз Алинаны алып шығып, келесі бөлмеге тығылып қалдық. Әкем ағаш есікті балтамен ұрып, сындырып ішке кірді. Ал анамның қолында пышағы бар. Әке-шешіміз бізге айқайлап ұрысып, балтамен ұрмақ болды. Ақыр соңы түн жарымда үйден қуып жіберді. Амал жоқ, осы үйге келдік, дейді Карина.

Бұл жағдайдан кейін баласынан безген ата-аналарды сөзге тартуға тырыстық. Үйінен шыққан азаматша туған қызын жақтырмаса керек, перзентін балағаттап, қол көтеруге дейін барды. Ерлі-зайыптылар ақталғысы келеді. Тіпті үйіне шақырып, үлгілі ата-ана екендерін көрсетпек болды. Бірақ, үй ішіндегі бей-берекетсіздік сөздеріне дәлел бола алмады. Үй маңы бос шөлмектерге толы. Жеткіншектердің анасы балаларынан бас тартатынын жасырмай айтты. Тіпті құлықсыз кеткен балаларын сотқа беремін дейді.

Баласынан безінген ата-аналар туралы естіген Ордабасы аудандық білім бөлімінің мамандары балаларды қамқорлыққа алды. Салаға жауаптылар өзгенің үйін паналаған жеткіншектерді аудан орталығындағы интернатқа жайғастырды. Мұнда балалар білім алып, қажетті жағдайлары жасалады дейді мамандар.

Еркінай Жамауова, Ордабасы аудандық білім бөлімінің маманы:

Балаларды интернатқа жайғастырдық. Мемлекет қамқорлығына алады. Интернатта жатады, оқиды. Енді жеткіншектердің ата-анасын сотқа береміз. Мақсатымыз — ата-ана құқығынан айыру. Ал балалардың киімі, оқулығы жеңілдік бойынша қарастырылады.

Жеткіншектер әзірге Темірлан қаласындағы интернатта бола тұрады. Білім бөлімінің мамандары ата-ана құқығынан айыру туралы шешімді алған соң жеткіншектер балалар үйіне өткізілуі мүмкін.

Фото: uzhgorod.in

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: