Лента новостей
0

"Жерді қытайлар басып алды" деп жалған ақпарат таратқан Астана тұрғыны сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 16:11 Zakon.kz
Айдын Егеубаевқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында белсенді Айдын Егеубаевқа қатысты үкім шығарылды, деп жазады sputniknews.kz.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Айдын Егеубаев ҚР ҚК 130-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Айта кетсек, 2016 жылы 13 шілдеде ақпарат сайттарының бірінде "Нұр Отанның белсендісі қытайлар Қазақстан жерін басып алғанын растайды" атты мақала шыққан болатын.

Өткен жылы Айдын Егеубаев ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының және ауыл шаруашылығы вице-министрінің атына Биядиловтың және "Бәтуа" ЖШС заңды тұлғасының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатында хат жазған.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: