Лента новостей
0

Гүлшара Әбдіқалықова: АҚШ Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесінің бірі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 17:14 Zakon.kz
Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Жаһандық антитеррористік желі құру жөніндегі бастамасы өзекті екенін айтты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразиядағы еврей қауымын қолдау ұлттық коалициясының төрағасы Даниэль Рубинмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстандағы еврей қауымының қызметі, қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұру үшін күш біріктіру және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі жөніндегі мәселелер талқыланды. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы АҚШ Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесінің бірі екендігін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Жаһандық антитеррористік желі құру жөніндегі бастамасы өзекті екенін айтты. Еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы – екіжақты өзара іс-қимылымыздың кемеліне келуінің тағы бір айғағы.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатын алға қойып отыр. 2017 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған Үшінші жаңғыру басталды. Алғашқы нәтижелер экономиканың нық қалпына келу үрдісін көрсетуде: биыл еліміздің ішкі жалпы өнімі 3,5 пайызға өсті.

Мемлекеттік хатшы рухани жаңғырудың басты талабы төл мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтау екендігін айтты.

Г.Әбдіқалықованың мәлімдеуінше, республикада 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі этностардың қоғамдық бірлестіктерге бірігуінің және мемлекетпен өзара әрекеттесуінің негізінде қалыптастырылды. Елімізде 1338 этномәдени бірлестік, соның ішінде 29 республикалық дәрежедегі бірлестік және 39 Достық үйі бар.

Келіссөз барысында Қазақстан Батыс пен Шығыстың ортақ сын-қатерлерге төтеп беруіне қатысты ұстанымдарын жақындастыра түсу үшін талпыныс жасап отырғаны айтылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі арқылы Қазақстан әлемдік жетекші конфессиялардың жаһандық бейбітшілік пен келісімді орнықтыру жолындағы ұмтылыстарының алаңына айналды.

Соңында Гүлшара Әбдіқалықова Даниэль Рубиннің Қазақстандағы сапарының жақсы өтуіне ниеттестік білдіріп, табыс тіледі.

Анықтама:

Еврей диаспорасы елдегі басқа да этностар секілді өз діні мен дәстүрін емін-еркін ұстанып келеді. 1992 жылдан бері 20 этномәдени бірлестікті, қайырымдылық мақсаттағы 13 хэсэдты және 13 қауымдық орталықты қамтитын Еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығы жұмыс істеуде. 2009 жылғы халық санағы бойынша, республикада 3485 еврей өмір сүріп жатыр.

Фото: www.qamshy.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: