Ұлттық Банк «Delta Bank» қызметін тоқтату үшін сотқа жүгінеді
Zakon.kz
Теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың кепілдігімен қорғалған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес, Delta Bank-ты 2017 жылдың 3-қарашасынан бастап бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операцияларды жүзеге асыру құқығынан айыруға шешім қабылданды, деп жазады Zakon.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Лицензиядан айырудың негізі төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелердің жүйелі түрде орындалмауы және пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2017 жылғы 2 қарашадағы №402 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банкті басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.
2017 жылғы 3 қарашадан бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа өтініш жасайды.
Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап банкті ұстап тұруға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тек тарату өндірісінде ғана ұсынылуы мүмкін.Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың кепілдігімен қорғалған. Кепілдіктің ең көп шегі теңгедегі депозиттер бойынша 10 млн. теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн. теңге болып табылады.Осыған орай депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемі төленетін болады.
Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 44 85 55 «жедел желі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша және ҚР Ұлттық Банкінің Банктерді қадағалау департаментіне +7(727) 2704 893 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.
Фото: mail.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript