Астанада жаңа бизнес университеттің ашылу рәсімі өтті
Zakon.kz
BI UNIVERSITY-ден IPMA Халықаралық жобалық менеджмент қауымдастығы секілді әр түрлі деңгейдегі халықаралық сертификациядан өтуге болады.
Осыдан бес жыл бұрын BI Group құрылыс компаниясында Корпоративтік университет ретінде негізі қаланған – BI University, бизнес университет болып қайта құрылды. Ал оның филиалдары Алматыда және Атырауда келесі жылдың басында жұмысын бастайды.
Компания тек құрылыстағы емес, бизнестегі көпжылдық тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы жаңа оқу орнының ашылуына арналған баспасөз конференциясында компания өкілдері жария етті.
«Бәлкім, бірде-бір классикалық университет кәсіби ақпарат пен тәжірибені білімге жылдам әрі уақытылы айналдыра алмайды. Студент әзірге оқып жатқанда, біздің практикалық тәжірибе немесе әлемдік тәжірибені бірден теорияға аудара алмаймыз. Бұл оқу орны осы маңызды мақсаттарға жетуге бағытталған: қазірдің өзінде бізде бар, барлық ақпаратты, іс-тәжірибемізді әлемдік тәжірибемен ұштастыра білу, біздің университетті құрылыс саласында, бизнесте де пайдалы болуына мүмкіндік береді», - деді BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев:
«Менің ойымша, университет лайықты орнын алады және алдағы уақытта заманауи білім беру жүйесіне өз үлесін қосады. Бұл дуалдық оқыту (теория, практика) бүгін, білім сапасын арттыруда университеттерге өте қажет».
Оқу орталығы 15 білім беру бағдарламасы бойынша білім береді, яғни қарапайым құрылысшыдан бастап, инженерлер мен жоба менеджерлері толық қамтылған. Сондай-ақ, іскерлік басқару, кәсіби және тұлғалық өсу бойынша тәжірибелі мамандармен мастер-кластар өткізеді.
BI UNIVERSITY-ден IPMA Халықаралық жобалық менеджмент қауымдастығы секілді әр түрлі деңгейдегі халықаралық сертификациядан өтуге болады.
Университет оқытушыларының арасында, белгілі шетелдік коуч-тренерлер Р. Гандапас, И. Манн, Т. Эйкерс, К. Нордстрем, М. Кристал, Г. Джонстон, Берт және т.б. бар.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript