Лента новостей
0

Баспанаңызға жұмсаған ақшаңыздың бір бөлігін қалай қайтарып алуға болады?

BI Group, фото - Новости Zakon.kz от 09.04.2018 09:00 BI Group
Акция мерзімі шектеулі - 2018 жылдың 1-сәуірінен 31-мамырына дейін жалғасады.

Қазір банк, ұялы байланыс операторлары, жанармай құю станциялары клиентке ақша үнемдеуге мүмкіндік беретін тиімді сервистерді жиі ұсынады. Біз күнделікті өмірде, мәселен шопинг жасағанда, кэшбэкке үйреніп кеттік, ал егер ақшаңыздың бір бөлігі ірі тауар сатып алғанда өзіңізге қайтып келсе қалай болар еді?! Мысалы, пәтерден... BI Group тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алу кезінде қаражатты қайтару бойынша жаңа сервис іске қосылды.

Кэшбэктің ең жоғарғы құны 3 млн теңге! Енді елестетіп көріңіз, бұл ақшаны сіз жаңа көлікке немесе жөндеу жұмысына жұмсауыңызға болар еді.

- Жаңа бағдарлама клиенттеріміз үшін, - дейді Сату және жарнама бойынша басқарушы директор Әсел Жүнісова. – BI Group тұрақты қолданыстағы акцияларымен клиенттерді таңғалдыруын жалғастырады, мысалы клиенттерімізге жақсы таныс, үйді құрылыс аяқталғанға дейін пайызсыз бөліп төлеу науқаны. Біз мұндай тиімді әрі қызықты ұсыныстарды жиі ұсынамыз.

Қазіргі уақытта бизнестің түрлі салаларында кэшбэк сияқты сервистер кеңінен қолданысқа енді.

- Біз де, бұл акцияны өз сату орталықтарымызға енгізуді дұрыс деп шештік. Былайша айтқанда, компания өз табысын клиентпен бөліседі, оған үнемдеуге және бұрыннан армандап жүрген затын сатып алуға мүмкіндік береді. Ал, пәтердің «ірі тауар» екенін ескергенде, кэшбэк құны бірнеше миллионға дейін жететіні анық.

Айта кетейік, ақшаны қайтару – пәтерге 100% төлем жасағанда ғана жүзеге асады. Клиенттерімізді бұл акцияға қатысатын тұрғын үй кешендердің тізімі қызықтыратыны сөзсіз, үйлердің орналасқан жері, пәтер жоспары жайында Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы BI Group сату орталықтарының мамандары түсіндіріп береді.

Бастысы – сатып алатын пәтердің көлемі көп болған сайын, кэшбэк те ұлғайа түсетінін ұмытпаңыз!

Акция мерзімі шектеулі - 2018 жылдың 1-сәуірінен 31-мамырына дейін жалғасады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: