Лента новостей
0

Америкалық актриса бақшасында Қазақстаннан әкелінген қауынды өсіретінін айтып мақтанды

stan.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2018 17:27 stan.kz
Ол қияр, бұршақ, асқабақ секілді көкөністерді өсіретінін де айта кетті.

“Обитель зла” фильмі арқылы көпшілікке танымал болған америкалық актриса Милла Йовович өз бақшасында Қазақстаннан әкелінген қауынның тұқымын өсіретінін айтып, мақтанып қалды. Ол бұған қоса қияр, бұршақ, асқабақ секілді көкөністерді өсіретінін де айта кетті. Голливуд жұлдызы бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Іссапарға кеткенге дейін бақшамды тазалап, жөндеп қоюды шештім. Цукини мен үш түрлі жапондық ірітұқымды асқабақты отырғызып болдым. Ооо, бақшамдағы қауынның Қазақстаннан әкелінгенін айтуды ұмытып кетіппін ғой. Оларды анамның досы сыйлаған еді. Қауындардың бәрі жақсы өсіп шықты, бүгін оның көшетін отырғыздым», – деп мақтанды Милла Йовович.

Сонымен қатар, актриса жаңа фильмге түсу үшін іссапарға кетіп бара жатқанын да жазды.

«Фотосуреттерден өсімдіктердің арасын ашып, көп орын қалдырып қойғанымды көресіздер. Оларды бір-біріне жақын отырғызсам, көшеттерге ауа жетпейді деген қорытынды жасадым», – деп жазды ол.

Айта кетейік, көрермендерге «Обитель зла» фильмінде басты рөлді сомдап танылған америкалық актриса Милла Йовович ресей-сербиялық отбасынан шыққан.

Ол 2010 жылы ресейлік актерлер Константин Хабенский мен Иван Ургантпен бірге бір фильмде ойнады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: