Лента новостей
0

Қазақстан – атажұрт

inbusiness.kz/ru, фото - Новости Zakon.kz от 03.07.2020 15:06 inbusiness.kz/ru
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы бар түркі әлемінің ардақты шаһары саналатын Түркістан қаласы сол көненің көзі, қазір жаңа заманмен жаңаша дамып келе жатқан қала.

Адамзаттың қазіргі уақытқа дейін жүріп өткен жолын тарих деп атаймыз.

Сонау саналы адам сәтінен бері неше мыңжылдықтар тарих қойнауына сіңіп кеттті. Біз өмір сүріп отырған азаматтық қоғамға дамудың нәтижесінде қол жеткіздік. Демек, кез келген үрдісте мейлі ол биологиялық, физиологиялық яки рухани болсын бастысы – даму. Қазақ халқы өзінің өткен тарихында талай даму жолының тізгінін ұстады, жеңіліс те тапты, десе де елдің егемендікке қол жеткізуі оның ең үлкен жеңісі еді.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылы жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалсында «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес», - деген ой айтады. Расында бізге белгісіз, көзге көргісіз кеңістік сұлбап жатқан құс жолы десек, уақыт оның ең басты драйвері іспетті көрінеді. «Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады», - дейді Елбасы өзінің бір ойында. Ешқандай ұлт өзінің тарихын нашар демейі яки оны жоққа шығармайды. Тарих белгілі бір ұлтта емес барша адамзатта бар. Расында ежелде дүркіреген Рим империясы, Осман империясы, Бабыл, Цинь империясы болсын, өз іздерін адам баласының өмір тарихында мәңгілікке салып кетті. Сол арқылы өркениет жасалды. Екі аяқтылардың қолы жеткен ең асыл жетістігіне де біз өркениетті жатқызамыз. Ал өркениет біз жоғарыда атаған даму үрдісінің нәтижесінде жүрді. Кім өркениет жасаса, сол қашан да жетекші ұлтқа айналған еді. Қазақстан тарихы бұдан да кемде емес. Бұған Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласынағы Ұлы даланың жеті қырын сөз ету арқылы көз жеткізе аламыз. Мәселен, атқа міну мәдениеті ұлы даладан тарады. «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді», - деп жазады ол. Расында адамзат аграрлық революция дәуіріне табан басқан сәттен өзінің алдағы мың жылдықтағы өмірінің қалыбын құйды. Терімшілік пен аңшылық өткеннің сарқыншағына айналып, жеке меншік, жабайы жануарларды қолға үйрету, егін егуге бет бұрды. Алғашқы егін шаруашылығы мен отырықшылық өмір салтына өту қазіргі Түркияның Шығысы мен Таяу Шығысқа жақын өңірлерде бастау алды. Бірақ бір қызығы мұндай өмір салты тек белгілі бір өңірлерде болған.

Бір-бірін танымаса да адамдар аталған өмір салтын өздері тұрып жатқан кез келген өңірде дамытқан. Айталық қазіргі АҚШ аумағында сол заманда өмір сүргендер қолға жабайы жануарларды үйрете бастаған. Жоғарыда Елбасы өз мақаласында келтірген тарихи дерекке сәйкес, жылқы жануары тұңғыш рет Ұлы далада қолға үйретілген. Және әлі күнге дейін қазақ халқы үшін қастерлі жануар саналып, «Жеті қазынаға» кіреді. Сонымен қатар металлургия өндірісі мен аң стилін де Н.Назарбаев өз мақаласында сөз еткен еді. Жалпы адам баласының металл өндіре бастауы бұл өндірістік революцияның алғы шарты болды. Бұған дейін тас қашап, ағаштан шаруашылық бұйымдарын жасап жүрген адамның темір өндіруі, одан өзіне керегін алуы оның дамуына алғышарт бола алды. Бұл туралы Елбасы «Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты», - дейді. Ал аң стиліне келер болсақ, бұл ежелден бізге жеткен биік өнер түрі саналады. Қарапайым ғана темірден, алтыннан өзге де металл көздерінен ойып жасалған аң стилінде қаншама мән жатыр. Мұнда Ұлы далада өмір сүрген бабалардың табиғатпен етене қатынасы, олардың қиялының жемісі көрініс береді. Ал бұл тарихты зерттеуде таптырмас қазына.

Қазақтың жері Түркі әлемінің бесігі, атажұрты. Елбасы бұл туралы «Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды», - деп жазды мақаласында. Түркі дүниесі қазыналы тарихқа бай. Ұлы көшпенділер өркениеті өзге империялар жасап шығарған өркениет түрінен қалыс қалған жоқ. Алып аймақты мекендеген олар отырықшы, көшпелі өмір салты арқылы кең даланың төсін еркін мекендеп қана қоймай, оны өзіне бағындыра да алды. Орта ғасырларда барша Түркі жұртының алтын бесігі сауданың, ғылым мен білімнің дамыған ордасына айналды.

Айталық ұлы ғұлама, Аристотельден кейін екінші ұстаз саналатын Әбу Насыр әл-Фараби, түркі халықтарының рухани көшбасшысы саналатын Қожа Ахмет Яссауи бұған дәлел бола алады. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы бар түркі әлемінің ардақты шаһары саналатын Түркістан қаласы сол көненің көзі, қазір жаңа заманмен жаңаша дамып келе жатқан қала. Жыл сайын Түркістанға жан-жақтан миллионға жуық турист келіп, түркі әлемінің тарихымен танысып жатады. Бабтардың бабы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Отырар кітапханасы өзге де құнды мұралардың бәрі осынау қалада сақталған. 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Түркістанға облыс статусы берілді. Бұл әлеуетті әрі салиқалы шешім еді. Сол сәттен бері аймақты дамытуда атаулы шаралар қолға алынып, өңірдің экономикалық, туристік, рухани, әлеуметтік әлеуетін дамытуда тың қадамдар жасалды. Бұл жалғасын тауып жатыр.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан мысалдарды тегіннен тегін келтіріп отырған жоқпыз. Себебі түркі әлемі, түркі жұрты, Қазақстанның түркі әлеміндегі алар орны туралы аталған мақалада нақты және тұшымды жазылған. Қазір кезіндегі түркі жұртының әрқайсының жекелеген мемлекеті, шекарасы, бастысы егемендігі бар. Әлемдік қауымдастықта ойып тұрып алар орны бар мемлекеттерге айналды. Десе де Қазақстан тарих бекітіп берген іргетасы іспетті күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» болып қала береді.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: