Лента новостей
0

«Ертіс» биылғы маусымда алғаш рет жеңіліс тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2016 22:10 Zakon.kz
Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан елордалық «Астана» да «Атырауға» қарсы ойнап, биылғы маусымдағы алғаш рет жеңіліс тапты. Есеп 1:0.

Павлодарлық «Ертіс» ел біріншілігінің ХІ туры аясында сырт алаңда алматылық «Қайратқа» қарсы ойнап, 1:0 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда өткен соңғы ойында Димитар Димитров «Қайратқа» қарсы кездесудің оңай болмайтынын атап өткен болатын. Айтқандай-ақ, кездесу бірден өткір шабуылдармен басталды.

Алматылықтар Давид Лорияның қақпасына қатарынан бірінеше соққыны бағыттады. Бірінші таймның ортасында «Ертістің» қорғанысы сыр беріп, «Қайрат» есеп ашты. Гол авторы - бразилиялық Исаэль да Силва. Екінші таймда павлодарлық клубтың бас бапкері ойыншыларды алмастырып көргенмен еш нәтиже болмады. «Қайрат» шабуылда, «Ертіс» қорғаныста ойнады. Павлодарлық ойыншылар есепті теңестіруге барын салды. Дегенмен, сәл ғана сәттілік жетіспеді. Ойынның екінші кезеңінде бас төреші павлодарлық қорғаушы Сергей Малыйға өрескел ойын көрсетті деген себеппен қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан шығарып жіберді.

-«Қайраттың» шебер команда екені байқалып тұр. Біздің командада негізгі футболшыларды ауыстыратын ойыншылар аз. Сондықтан азын-аулақ өзгерістер орын алды. Жігіттерге еш өкпем жоқ. Тіпті, 10 адам болғанда да алаңдағы ойыншылар алға ұмтылды, - деді кездесуден кейінгі баспасөз жиынында Димитар Димитров.

Айта кетерлігі, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан елордалық «Астана» да «Атырауға» қарсы ойнап, биылғы маусымдағы алғаш рет жеңіліс тапты. Есеп 1:0. Ал, үздік үштікте келе жатқан көкшетаулық «Оқжетпес» қостанайлық «Тобылмен» тең ойнады (1:1). Турнир кестесінде «Астана» 28 ұпаймен бірінші орнын сақтап қалса, 26 ұпай жинаған «Ертіс» екінші орында келеді. «Оқжетпес» 20 ұпаймен үштікте тұр. «Ертістің» келесі кездесуі 21-мамыр күні Павлодардағы орталық алаңда өтеді. Д. Лория бастаған футболшылар оралдық «Ақжайыққа» қарсы ойнайды.

Абзал Қабдраш

Фото: pavlodarnews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: