Лента новостей
0

Боксшы Иван Дычконың Рио Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.08.2016 16:11 Zakon.kz
XХXI жазғы Олимпиада ойындары 21 тамызға дейін жалғасады.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 91+ келі салмақта өнер көрсететін боксшы Иван Дычко 1/8 финалда Магомедрасул Меджидовпен кездесетін болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бокстан 91+ келі салмақ дәрежесі бойынша өткен іріктеу кезеңінде әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов мароккалық Мұхаммед Арджауиді айқын басымдықпен ұтты. Есеп 3:0 (30:27, 30:27, 29:28). Осылайша, Әзірбайжан боксшысы 1/8 финалда қазақстандық спортшымен кездеседі.

Қос қарсылас арасындағы жекпе-жек 14 тамыз күні Астана уақытымен 4:45-те басталады.

Айта кетейік, 2013 жылы бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатында Магомедрасул Меджидов Иван Дычконы нокаутпен жеңген.

Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғауда.

XХXI жазғы Олимпиада ойындары 21 тамызға дейін жалғасады.

Фото: bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: