Лента новостей
0

Тіркеу тѕртібін жењілдету- сыбайлас жемќорлыќпен кџресу жолдарыныњ бірі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.06.2010 02:09 Фото: zakon.kz

 

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

Тіркеу тәртібін жеңілдету- сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарының бірі

 

Салық төлеушіні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 560 - 578 баптарында көрсетілген салық төлеушіні тіркеу және оның ерекшеліктері туралы, нақтырақ айтқанда қосымша құн салығы ретінде, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде, фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын тіркеуді уәкілетті орган салық органдары жүзеге асырады.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.

Мыналар: мемлекеттік мекемелер;

ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.

2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

6. Көрсетілген тұлғалар, егер осы қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалану құқығын растайтын құжат салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Салық Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

9. Салық төлеуші жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда, Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Салық Кодекстің белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

1. Салық Кодексінің қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;

Салық Кодексінің ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;

резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодексінде көрсетілген құжаттарды қоса береді.

2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.

Тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:

салық төлеуші осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;

2) аталған салық төлеуші салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;

3) Салық Кодексінде белгіленген құжаттар тапсырылмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.

4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

 

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктi ауыстыруды:

1) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiгi жоғалған (бүлiнген) жағдайда - салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде;

2) қосылған құн салығын төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесi атының (ол болған кезде) немесе атауы өзгеруi туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.

6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлік берілген кезде бұрынғы куәліктің бланкісі, салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

 

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:

1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;

4) алкоголь өнімін көтерме сатуды;

5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

6) лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды;

7) ойын бизнесін;

8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою Салық Кодексінде көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркеу болып табылады. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады. Көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:

1) Салық Кодексінің осы бабында өрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын жалдау шарты;

2) Салық Кодексінің осы бабында өрсетілген көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.

Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қояды.

Тіркеу карточкасы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкісі.

Берілген тіркеу карточкалары туралы мәліметтер тіркеу карточкаларын есепке алу журналында тіркеледі.

Тіркеу карточкасы мен тіркеу карточкаларын есепке алу журналының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге бөлек беріледі.

Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.

Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын лотерея билеттерінің әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті.

Салық органдарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңын орындау және сақтау, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң АР-НАМЫС КОДЕКСІ (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді және оларға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар болған жағдайда, оларды қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары тұрақты және әр уақытта жүргізіледі.

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: