Ауыл шаруашылығы техникаларына қойылатын талаптар
2012 жылдың 20 шілдесінде «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламентінің қабылданды.
Сонымен, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында шыққан еліне қарамастан айналымға шығарылатын 6 км/сағаттан кем емес жобалық жылдамдыққа ие жаңадан өндірілетін және импортталған доңғалақты және шынжыр табанды ауыл шаруашылығы және орман тракторлары мен тіркемелері Техникалық регламенттің объектілері болып табылады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелері сертификаттау түрінде сәйкестікті растауға жатады.
Сонымен қатар, тракторларды және тіркемелерді сертификаттауды Кеден одағының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау органдары (СРО) жүргізеді.
Сертификаттау үшін тракторлар мен тіркемелер өндірушімен (өндіруші мақұлдаған тұлғамен) жеткізіледі.
Өндіруші (өндіруші мақұлдаған тұлға), импорттаушы СРО-ға оны пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтауды растайтын құжаттар жиынтығын береді.
Сәйкестік сертификаты трактордың немесе тіркеменің техникалық сипаттамасын, негізгі жобалау құжаттарын, операциялық құжаттарды, сипаттамалар немесе көрсеткіштер тізбесін, келісімшартты (жеткізілім шартын) немесе тасымалдау құжаттамасын қамтиды.
Өз кезегінде өндіруші өндіріс процесінің тұрақты болуын және өндірілген тракторлар мен тіркемелердің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Қызықтыратын сұрақтар бойынша, Сіз «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне» Алматы қаласы, Жандосов к-сі 2 мекен жайына жүгіне аласыз.
О требованиях к сельскохозяйственной технике
Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 20 июля 2012 года № 60 принят технический регламент Таможенного союза «О безопасности сельскохозяйственных и лесохозяйственных тракторов и прицепов к ним».
Так, объектами техрегулирования являются вновь изготавливаемые и ввозимые колесные и гусеничные сельскохозяйственные и лесохозяйственные тракторы и прицепы к ним, выпускаемые в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза, независимо от страны происхождения и имеющие максимальную расчетную скорость не менее 6 км/ч.
Кроме того, сельскохозяйственные и лесохозяйственные тракторы перед выпуском в обращение на рынок подлежат подтверждению соответствия в форме сертификаций.
Вместе с тем, сертификацию тракторов и прицепов проводит орган по подтверждению соответствия (ОПС), который включен в Единый реестр ОПС Таможенного союза.
Для сертификации, трактора и прицепы представляются изготовителем (уполномоченным изготовителем лицом).
Изготовитель (уполномоченное изготовителем лицо), импортер предоставляет ОПС комплект документов подтверждающие соответствие безопасности при его использовании.
Сертификат соответствия включает в себя техническое описание трактора или прицепа, основные конструкторские документы, эксплуатационные документы, перечень характеристик или показателей, контракт (договор на поставку) или товаросопроводительную документацию.
В свою очередь, изготовитель предпринимает все необходимые меры, чтобы процесс производства был стабильным и обеспечивал соответствие изготавливаемых тракторов, прицепов.
По интересующим вопросам Вы можете обратиться в РГУ «Комитет технического регулирования и метрологии МТИ РК по городу Алматы», по адресу г.Алматы ул. Джандосова 2.